//

1 сәуірден бастап жылу электр станцияларының шекті тарифі өседі

1051 рет қаралды

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты. Вице-министрдің айтуынша Қазақстандағы 45 энергия өндіруші ұйымның (ЭӨҰ) 37-сінің шекті тарифтері 2021 жылғы 1 сәуірден бастап өседі. Шекті тарифті 36 % – ке өсіру жөнінде өтініш берген 37 ұйымның өтінішін министрлік жарты жыл бойы қарап, зерделеген. Сөйтіп, энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифін 15% -ға өсіру туралы арнайы бұйрық шықты.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанның энергетикалық көздерінің басым бөлігі өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары пайдалануға берілген, содан бері электр энергиясын өндіруші компаниялардың шығыны көбейіп, инженерлік желілер тозған, салық көлемі де артқан. Ал шекті тарифтерді қайта қарау 45 энергия өндіруші ұйымның өндірістік персоналының шамамен 23 мың жұмыс орнын сақтауға, тозған желілерді жөндеуге жұмсалады.

Энергия өндіретін компаниялардың шекті тарифі көтерілгеннен кейін сол энергияны халыққа жеткізетін кәсіпорындардың шекті тарифтері де қайта қаралады. Бұл мәселе ұлттық экономика министрлігінің құзыретіне кіреді. Онымен табиғи монополияларды реттеу комитеті айналысады.

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі