Шамның жарығы түбіне түспейді демекші, Алматы маңындағы ауылдардың мәселесі шаш етектен. Соның бірі – Тұрар ауылы Алматыдан 40 шақырым жерде орналасқан. Ауылда тіркелген 5500 адам бар. Соған қарамастан ауыл тұрғындары ауыз суға зәру.
Ауылды сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы тендер ойнатылған болатын. Тендерді “Үлгі Құрылыс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұтып алды. Тұрар тұрғындарының айтуынша, смета екі рет жасалған екен. Алғашқысында су құбырын әр есіктің алдында 1 метр кіргізіп беру керек болған. Кейіннен жұмыс басталып кеткеннен кейін, оны өзгертіп, тек көше бойына жүргізілетін смета ұсынады.
Жоғарыда аталған келісімшарттағы тараптардың міндеттемелері бөлімінде мердігер нақты түрде су құбырын, қазандықты аулаға дейін жеткізу не жеткізбеу керектігі жазылмаған. Тұрар ауылының тұрғындары жоғарыда аталған өзгерістермен қоса, 4 жыл ішінде ауызсу кіргізу құнының өскеніне наразы.
Толығырақ видеодан көріңіз:
Сурет авторы: Сандуғаш Жайылғанова
Парақшамызға жазылыңыз