///

“Жайлы мектеп” типтік мектебі жоқ ауылға неге салынбайды?

3195 рет қаралды
фото: Осы жерде мектеп салынады деп, қазық қағылған екен

“Мінбер” редакциясының кезекті сапары Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында болды.

Еңбекшіқазақ ауданы оптимизация кезінде Шелек ауданымен қосылған, Алматы облысындағы ең ірі аудандардың бірі. Жер аумағы – 8,3 мың шаршы шақырым. Ауданда 25 ауылдық округ, 78 ауыл бар.

Алматы қаласына жақын орналасқан ауылдарда урбанизация салдарынан заңсыз салынған үйлер, құжатын ала алмай отырған қожалықтар көп болса, алыс ауылдарында жұмыс жоқ, мектеп ескі. Мәселен, Есік маңындағы саяжай тұрғындарының 103 отбасы әлі үйлерін заңдастыра алмай жүр. Өйткені, 2016 жылы ауылшаруашылық нысанындағы жерлерді тұрғын үй салу мақсатында құжаттандыруға мораторий жарияланған.

“Рахат” ауылдық округінің әкімі Қайсар Нұрболатұлы ол мораторийдің уақыты әлі де созылғанын айтады. Ал бұл тұрғындар мектеп жасындағы балаларын Есік қаласындағы Тоқатаев мектебіне автобуспен жіберуге мәжбүр.

Қыпшақ саяжайының іргесінен бір ауысымда 900 бала оқитын (екі ауысыммен 1800) үлкен мектеп салынып жатыр. Ауыл тұрғындары балаларын осы мектепте оқытқысы келеді. Алайда, білім бөліміндегілер онда жөндеу жұмыстарына жабылатын Сәтпаев мектебінің оқушылары оқиды деген шешім қабылдаған.

“Мінбер” ұжымының араласуымен Алматы облысы Білім басқармасы Әлихан Бөкейхан атындағы биыл пайдаға берілгелі жатқан жаңа мектепте “Қыпшақ” саяжайының оқушыларына оқуға рұқсат бергендігін мәлімдеді.

Ал “Қаражота” ауылдық округіне Сарыбұлақ, Ақтоған және Қаражота ауылдары қарайды. Үш ауылдың арасы 5-10 шақырымдай. Сарыбұлақ пен Ақтоғанда типтік мектеп жоқ. Ауыл тұрғындарына жоғарыдағы шенділер мектеп салып береміз деп жиырма жыл бойы уәде берумен келеді екен. Былтыр тіпті мектеп салынатын орын белгіленіп, қазығы да қағылған. Алайда неге екені белгісіз, “Жайлы мектеп” құрылысы типтік мектебі жоқ ауылдарға емес, мектебі бар Қаражота ауылындағы саздауытқа салынып жатыр.

Видеоны көріңіздер.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар