Қазақстанда заңсыз айналымнан 1200-ден астам қару тәркіленді

63 рет қаралды

Фото: gov.kz

ҚР Ішкі істер министрлігі елдегі құқықтық тәртіпті нығайту және заңсыз қару айналымына тосқауыл қою бағытындағы кешенді жұмыстарды белсенді жалғастырып жатыр.

Жыл басынан бері өткізілген «Қару» және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық айналымнан 1200-ден астам қару тәркіленді. Заңсыз жатқан бұл қауіпті арсеналдың ішінде 18 автомат, екі гранатаатқыш, 320-дан астам тапанша, 100-ден астам ойық ұңғылы қару және 700 тегіс ұңғылы мылтық бар. Сонымен қатар, мамыр айында Алматы қаласы мен Алматы облысында жүргізілген рейдтер барысында қаңтар оқиғасы кезінде оңтүстік мегаполистегі қару-жарақ дүкендерінен қолды болған 120 қару табылып, мемлекетке қайтарылды.

Осы орайда, елімізде сәуір айынан бастап жыл соңына дейін созылатын халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өтіп жатыр. Қазірдің өзінде азаматтар өз еркімен 750-ге жуық қару мен 4 мыңдай оқ-дәріні полицияға өткізіп үлгерді. ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов заңсыз сақталған қаруды өз еркімен әкеліп тапсырған азаматтардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен толық босатылатынын еске салды. Министрлік өкілдері тұрғындарды қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып, заңды негізі жоқ қару-жарақты полиция бөлімшелеріне тапсыруға шақырады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар