////

Сарыбұлақ ауылындағы мектеп мәселесі: Үкімет ауылда халықтың қалмауына мүдделі секілді

2625 рет қаралды
Сарыбұлақ ауылының тұрғындары ел президенті Тоқаев пен оқу-ағарту министріне үндеу жасап тұр

Еңбекшіқазақ ауданы, Сарыбұлақ ауылының тұрғындары құзырлы мекемелерден жаңа мектеп сұрап шаршады. Бір жарым ғасырға жуық жұмыс істеп келе жатқан мектеп ғимараты күрделі жөндеу жұмысын көрмеген. «Жыл сайын Тоқаевқа үндеу жасау ендігі дәстүрімізге айналды. Күдерімізді үзейін дедік», – дейді ауыл тұрғындары.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Сарыбұлақ ауылының тұрғындары жиналып, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа сондай-ақ Алматы облысының білім басқармасына видео үндеу жолдады. Бұған дейін де тұрғындар өз бетінше үндеу жасаған. Алайда еш жауап болмаған соң Minber.kz ақпараттық агенттігіне шығып, биліктегі жауапты басшыларға үндеу материалдарын, сауалдарын жолдады.

Үндеуде 1931 жылы салынған ең көне мектепте оқып жатқандарын айтып шағымданады. «Бір ғасырлық мектепте оқуға мәжбүрміз. Қаншама әкім, қаралар ауысты. Олар тек құрғақ уәде беретін. Былтыр ғана Самұрық қазына АҚ келіп, сендердің ауылдарыңа (Сарыбұлақ ауылына) 300 орындық мектеп салынады деп жерге қазық қаққан кезде бөркімізді аспанға атып, қатты қуанғанбыз. Алайда үкіметтің қаулысы бойынша 2023-2024 жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектеп салу жоспарланды деп көрсеткенімен жаңа мектепті басқа орынға апарып салды»,-делінген халықтың үндеуінде. Салыну керек болған мектептің орнын басқа ауылға аустырғанының себебін басшылық  түсіндірмеген көрінеді. Бұл туралы толығырақ инстаграм әлеуметтік желісінен көре аласыздар.

                  Әлеуметтік желі қолданушылары не дейді?

Желі пайдаланушылары оның ішінде бұл жағдайға қанық алыс-жақын ауыл тұрығындарының арасында бұл мәселе талқыланып жатыр. Тек ел президенті Тоқаев пен оқу-ағарту минстрі Ғани Бейсембаев үнсіз. Желі қолданушылары пікір алаңында былай деп талқылап жатыр:

      

    Балаларымыздың оқушы ретінде құқығы тапталып жатыр. Сарыбұлақ ауылындағы мектеп оқушылары қалай тамақтанады?

Мектеп ғимаратында асхана ретінде шағын бір сыныпты арнап қойғанымен берілетін тамақ пен оны жасайтын аспаздар жоқ. Балалар түскі уақытта ыстық тамақ іше алу үшін де мемлекеттік сатып алу порталында тендер ойнатылады. Тендерден жеңген жеңімпаз балаларға ыстық тамақ, бәлішін жеткізіп береді. Тендер ойнатылмаған күні балалар тамақты үйден алу келу керек. Мұнда көпбалалы болғаны үшін тегін тамақ деген жүйе жоқ. Бұл ауылдың оқушыларына мұндағының барлығы солай болу керек сияқты көрінеді. Себебі  әкесі де, анасы мен бауырлары тіпті ата, әжесі де дәл сол мектепте оқып, тек осы жүйені көріп, өскен. Ата-аналардың сөзінше, балаларының оқушы ретінде құқығы тапталып жатыр. Себебі заманауи технологиялар дамыған заманда балаларының кеңес үкіметінен қалған, ешқандай жағдайы жасалмаған тіпті құлаудың аз-ақ алдында тұрған мектепте оқып жатқаны өте ұят.

Мұндай жағдайға шыдамай, балаларының заман талабына сай білім алуын қалайтын ата-аналар бәрін тастап, қалаға көшіп кетті. Себебі жаңа мектеп салады деген үміттері әлдеқашан өшкен.

                                                «Сарыбұлақ ауылына мектеп салу әзірге жоспарда жоқ»

Тұрғындардың өтініші бойынша “Мінбер” ақпараттық агенттігі Е-өтініш арқылы жауапты басшылыққа оның ішінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаевқа, Алматы облысының әкімдігіне, Алматы облысының білім басқармасына сауал жолдады.  Құзырлы мекемелердің барлығы бұл сауалды Алматы облысының білім басқармасынан жолдаған. Сөйтіп, төрт мекеме бір жауаппен ғана шектеліп отыр.

“Бірінші кезекте, осы үш ауысымда оқыту мәселесін шешу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2022 жылғы 30 қарашасында № 963 Қаулысымен Алматы облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 53 мектеп құрылысын салудың тізімі бекітілді. Ол тізімде үш ауысымда оқытылатын 38 мектеп пен оқушы орнының тапшылығы бар мектептерді азайту көзделіп, барлық аудандардың ішінде перспективасы бар ауылдар, оқушы саны 300- ден асқан мектептердің хал-жағдайына мониторинг жүргізілді. Мектеп педагогтары, қоғамдық кеңес, ата-аналар комитетінің өкілдері, депутаттар, құрылыс, қаржы, білім басқармаларының  басшыларынан құрылған жұмыс тобымен  жан-жақты талқыланып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінде тізім бірнеше рет қаралып, бекітілді”,-деп жауап берді.

Сарыбұлақ ауылы перспективалы ауыл тізімінде жоқ болғандықтан, мектеп үш ауысымда оқытып жатпаған соң, бала саны 300 оқушыға жетпейтіндіктен жаңа мектеп салынбайды. 2026-2027 жылдары Сарыбұлақ ауылына мектеп салуға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінсе, қарастырылатынын айтады.

Соңғы 30 жылда Қазақстанның 1300 ауылы жер бетінен жойылып кеткен. Тағы 3000 ауыл жойылудың аз-ақ алдында тұр. Біздің Үкімет осы жойылып бара жатқан ауылдардағы халықты ұстап қалуға әрекет етудің орнына, онда перспектива жоқ дегенді сылтау етіп, инфрақұрылымдарды жасауға құлықтылық танытпай отыр. Халық типтік мектептің жоқтығынан, онсыз да ауылды тастап кетіп жатыр.

Қалған халықты ұстап қалудың орнына, олардың балалары оқитын мектептің құрылысын салып бермеу арқылы, ауылдың құлазып бос қалуына мәжбүрлеуде.

 

Парақшамызға жазылыңыз

Дина Айтбекова

Дина Айтбекова Бақытбекқызы
Алматы қаласы, SDU университетінің 4-курс студенті, Журналистика мамандығының болашақ түлегі.
2021-2022 жылы Alatau медиа холдинг, Turkistan.tv тілшісі болған, 2023 жылы Misk.kz сайтында материалдары жарияланған.
MediaNet медиасы ұйымдастырған курстың қатысушысы.
Azattyq.kz радиосы халықаралық сайтында өндірістік тәжірибеден өткен.
Taboo сайты, Shashbau ютуб каналының негізін қалаушылардың бірі. Minber.kz сайтының авторы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар