///

Тасада қалған әйелдер құқығы немесе 8 наурыздағы шеру жайлы талқылаулар

3176 рет қаралды
фото: "Азаттық" сайтынан

8 наурыз күні Алматыда тұңғыш рет рұқсат етілген феминистік марш өткен болатын. Оған жиналған 500-ге тарта адам әртүрлі мәселелер көтерді. Дегенмен, негізгі мәселе әйелдер құқығы болатын.

МҰҚАМЕТЖАН ТАЗАБЕК:

НЕ ҰЛ ЕКЕНІ БЕЛГІСІЗ, ЖҮРІСІ ЕРКЕК, ДЫБЫСЫ ӘЙЕЛ, ҰРАНЫ ҰҒЫНЫҚСЫЗ, ТАЛАБЫ ҚИСЫНСЫЗ, ӘЛЕМДІК ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ АЛҒА ТАРТЫП, ФЕМИНИСТІК ҮРДІСТІҢ АРТЫНА ТЫҒЫЛҒАН ӘЛДЕКІМДЕР

Алайда, шеруге жиналған халықтың қолындағы түрлі транспаранттар, ондағы ұрандар, түрлі-түсті тудың суреті секілді дүниелерге баса мән берген көпшіліктің арасында әйелдер маршына қатысты екіұдай пікір қалыптасты.

Facebook-тің қазақ сегменті шеруді жақтаушылар мен даттаушылар болып екіге бөлінді. Жақтаушылар демократияның негізгі принциптерінің бірі – плюрализм яки пікір еркіндігі тұрғысынан шеруге шығушылардың әрекетін, ұрандарын дұрыс деп бағалап жатты.

Ал, даттаушылар негізінен шеруде көтерілген мәселеден гөрі, қолдарына жазып ұстаған  ұрандарға, шеруге шыққандардың қолындағы туға мән беріп, бұл батыс қоғамынан жұққан ең жаман «қасиеттер»  екенін айтып, ЛГБТ секілді азшылық топтарды сынға алып жатты. Интернет басылымдарда жарияланған материалдарға да негізінен осы пікірлер арқау болды.

Facebook желісінде Мұхамеджан Тазабек  әйелдер шеруін ұйымдастырушыларды «…Ал, плакат ұстап көшеде жүрген кімдер? Не қыз екені, не ұл екені белгісіз, жүрісі еркек, дыбысы әйел, ұраны ұғынықсыз, талабы қисынсыз, әлемдік құбылыстарды алға тартып, феминистік үрдістің артына тығылған әлдекімдер…» деп сынап, маршқа «…Ал, кесірлі сөзді қағазға жазып, бажылдаған дауысы құлақты кесіп, көшеде көстеңдеп марш жасау бөтен елдің үрдісі, басқа жұрттың үлгісі…» деп баға береді. Мұхамеджан Тазабектің бұл постын желі қолданушылары 150-ден астам бөліскен, 250-ден астам пікір жазылған. 550-ден астам түрлі реакция жинапты.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1846300898885710&id=100005174520907

ҚАЗАҚ БАСЫЛЫМДАРЫ:

«АЗҒЫНДЫҚТЫ НАСИХАТТАЙТЫН ШЕРУДІ ДЕ КӨЗ КӨРДІ-АУ» деп баға берді

«Egemen», «Aikyn», «Turkystan», «Жас алаш», «Заң» секілді іргелі басылымдардың сайттарындағы жаңалықтар лентасында бұл шеруге қатысты ешбір ақпарат жарияланбапты.

«Tengrinews.kz»  , «Orda», «nege.kz», «ernur.kz» сайттары марш өткені туралы шағын ақпарат жарияласа, «nur.kz» пен «stan.kz»  сайттары суреттер мен видео салынған кішігірім репортаж дайындапты. Онда негізінен шеруді ұйымдастырушы ұйымдардың аты аталып, олардың қойған талаптарына аз-кем тоқталған. Сонымен қатар, шеру туралы материалдардың барлығы да бұл әкімшілік тарапынан рұқсат етілген тұңғыш ауқымды шеру екенін баса айтқан.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyida-ayelder-marshyi-ott-319871/

https://kaz.orda.kz/almatyda-r-sat-etilgen-jelder-marshy-tude/

https://www.nege.kz/ru/news/el/elimizde_algash_ret_aielder_marshi_otti_20210308151502

https://kaz.nur.kz/society/1902377-almatydagy-feminister-seruine-us-zuz-adam-zinaldy-foto-video/

https://stan.kz/news-344123/

Ал, zakon.kz сайты «Азғындықты насихаттайтын шеруді де көз көрді-ау» деген атаумен адвокат Ләззат Ахатованың шеру жайындағы Facebook парақшасында жариялаған пікірін беріпті. Заңгердің бұл пікірін «Qazaq uni», «Матрица.kz» сайттары да көшіріп басыпты.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=851922198705548&id=100016633274234

https://kaz.zakon.kz/5061241-az-yndy-ty-nasihattaytyn-sherud-de-k-z.html

https://qazaquni.kz/news/156576-azgyndyqty-nasikhattaytyn-sherudi-de-k?fbclid=IwAR0lafX-UznwDMNpPj8bMfo3T79697ZJlHBNeGLgpv6MAVDB3nNvITHiOXA

http://www.matritca.kz/news/89101-azyndyty-nasihattaytyn-sherud-de-kz-krd-au-lzzat-ahatova.html

«Qazaq uni»  интернет газеті сондай-ақ, Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» фракциясы құрамының мүшесі Қазыбек Исаның «Тіл шеруіне жол жоқ – жын шеруіне жол көп!» атты Facebook парақшасына жариялаған пікірін көшіріп басыпты. Онда, автор «Қазақ әйелдерінің қолынан «Менің жатырым-менің ережелерім», «Күштің жынысы жоқ», «Ана болу міндет емес»» деген ұрандарды көру қандай қасірет еді?!. Бұл сорақы ұрандарды не еркекке, не әйелге ұқсамайтын ұсқындары қорқынышты біреулер ұстап жүр…» деп күйініп, «…Ұлттық негізімізді, Ділімізді құртатын, Ұлттық кодтың тас-талқанын шығаратын шеру ғой бұл!..» деп байлам жасайды, автор.

Facebook бетінде шеру туралы айтылған пікірлердің бір парасын abai.kz интернет басылымы да жариялапты. «Әр әйел жалғызым!» шеруі – ЛГБТ шеруі ме?» деген тақырыптағы мақалаға Ләззат Ахатова мен Қазыбек Исаның шеруді сынға алған пікірімен қоса, журналистер Қасым Аманжол мен  Елнұр Әлимованың феминистік қозғалыс туралы пікірлерін де қоса жариялап, бейтараптық сақтауға тырысыпты.

Қасым Аманжол «…Бүгінде отбасындағы қорлықтың кесірінен жүздеген әйел құрбан болса, тіпті бір қарындас жапа шексе Абай айтпақшы «замандасының бәрі виноват». Кешегі шеру – сол, түрлі теңсіздік пен қорлықтан соң, үйінде шешесін әкесі шаштан сүйреп сабағанын көргеннен соң, тіпті таксист ағайдың қаршадай қызға қылмыңдаған, жан жаралаған дөрекілігінен соң лықсып туған қарсылық рефлексі…» деп баға беріпті.

Ал, Елнұр Әлимова «,,,,Феминизм туралы көп оқып білу керек. Қазір әйелдердің дауыс беріп жүргені, ерлермен саясатқа қатар араласуы — феминизмнің арқасы. Феминизм деген ғылымда үлкен бағыт бар. Оны құбыжық қылып көрсетудің қажеті жоқ. Көп оқиық, көкжиекті кеңейтейік» деп жазады.

Ал, дәл осы мақалаға сайт бетінде пікір қалдырған көпшілік бірауыздан шеруге шыққандардың ұстанымын сынға алыпты.

https://abai.kz/post/129699

kznews.kz сайты «Менің жатырым = менің ережелерім»: Алматыдағы феминистер митингі сынның астында қалды» деген тақырыппен мақала жариялапты. «Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі бұл шерудегі кейбір ұрандар мен әйелдер талап еткен құқықтардың қазақ халқының дәстүрлі түсінігіне қарсы екенін айтты.» деп, мақалада бірнеше адамның пікірін жариялаған.  Олардың арасында ғалым Досай Кенжетайдың: «Ет етке тиеді, болды. Кәдімгі қолмен амандасқандай ғана нәрсе ғой. Бұл Батыстық гуманистік моральдық мектептің тұжырымы. Әйел еркіндігі!» деген пікірі бар.
Жоғарыда «Qazaq uni» газеті жариялаған Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның пікірін де kznews.kz сайты көшіріп басыпты.

Мәжіліс депутаты Алматыдағы феминмстер шеруіне шүйлікті

Республикалық телеарналардың басым көпшілігі 8-наурызда мерекелік бағдарлама ұсынғандықтан, жаңалықтар эфирге берілмеді. Дегенмен, «KТK» арнасы кешкі жаңалықтарда шеру туралы кадрден тыс мәтін және синхрон форматында шағын жаңалық беріпті. Ұйымдастырушылардың бірі шеруді өткізуге 2017 жылдан бері талпыныс жасалғанын айтыпты.

https://www.ktk.kz/kz/programs/newsfeed/174348/

«Хабар 24» арнасы 8-наурыз күнгі кешкі 19.00-дегі жаңалықтарға Алматыдағы әйелдер шеру туралы ақпарат қосып, кадр сыртындағы мәтін түрінде баяндайды.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/zha-aly-tar-toptamasy/item/459997-8-nauryz-2021-zhyl-19-00-zha-aly-tar-toptamasy(12:27)

Ал, Еуразия бірінші арнасындағы «Басты жаңалықтар» әйелдер шеруі жайлы шағын сюжет әзірлепті. Тілші Ұлан Тәліпбай «Феминистер шеруі» аталған сюжетте Феминистер ұйымының өкілі Гүлжан Серікбай, Қоғамдық қор өкілі Мөлдір Албаннан шерудің мақсаты туралы пікір алыпты.  Сонымен қатар, сюжетке саясаттанушы Дос Көшім де пікір білдіріп, феминистердің бұл әрекетін батысқа еліктеу деп бағалап, қазақ ежелден әйелдің құқығын шектемегенін айтады.

https://www.youtube.com/watch?v=JI9FCcpu_5A (14.00 минута)

Ал, 8-наурыз күнгі әйелдер маршынан толыққанды хабар таратып, тікелей эфир жүргізген Азаттық радиосы.   https://www.facebook.com/azattyq/posts/5116976108376267

Бұл шараға қатысты желі қолданушыларының ең көп пікірі де осы тікелей эфир кезінде жазылған.

Алия Тулебаева

“Ерлер болмаса сендер кімсіңдер ерлермен теңесіп не бітірмексіңдер сорлылар сендер қандай бала тәрбиелейсіңдер бір құмалақ бір қарын майды шірітеді деген әйелдердің бәрі бірдей қорлықта жүрген жоқ, бір ғұлама айтқан екен бір ұлтты құртқың келсе әйелдерін бұз деп, қай заманда біздің аналарымыз әжелеріміз осылай жүрді бұл отбасын ойрандау деген сөз”

Пікірлердің біршамасы осы сарында, яғни ер мен әйелдің теңдігі мүмкін емес екенін меңзей жазылыпты.

Ал, KuatZan Intykbekov

«8 марттың жемісі. 111 жылдан соң қазақ еліне жетті. Клара, Роза, Арманда, сынды қатындардың Еуропа жезөкшелерінің құқын осылай бекітіп берген. Бұл мерекенің көзін құрту керек. Бара бара күш алады», деп жазады.

Желі қолданушыларын шерудің өзінен гөрі оған қатысушылардың жеке басына қатысты мәселе көбірек толғандырған секілді.

Нурлан Бодиков

«Бүкіл елге күлкі болдық-ау митингінің ішінде ГЕЙ-лер коп болып тұр үкімет қайда қарап отыр ұлт жанды бір басшы табылмады ма уағыз айтып жүрген діндар қайда қарап отыр? Қазаққа жат нәрсе ғой»

ӘР ӘЙЕЛ – МЕНІҢ ЖАЛҒЫЗЫМ

Бұдан өзге Azattyq бұл тақырыпқа «Арандату болады-ау деп қауіптендік”. Әйел теңдігі үшін өткен марш» деген атпен фоторепортаж жасады. Сондай-ақ, «Алматыда “Әр әйел – жалғызым” ұранымен белсенділер шеруге шықты» деген атаумен көлемді мақала жариялады. Мұнда, шерудің қалай өткені, оған қатысушылар қолдарына қандай ұрандар жазып ұстағаны және шеруді ұйымдастырушылардың пікірлері барынша толыққанды беріліпті. Жиынға қатысушылар әртүрлі топ өкілдері екенін, олар шеруге өз ұрандарын алып шыққандарын да жазыпты, тілші Аян Қалмұрат. «…Олар ұстаған плакаттарда әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуді тыю, әйелдердің білім алу, еңбек ету, саяси құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету туралы талап жазылған.»

«…Көше бойымен жүрген жүздеген адамның арасында әйелдермен бірге ер азаматтар да болды. Кейбіреулер акцияға кішкентай баласын алып келіпті. Шеру арасында мүгедек арбасында отырған әйелдер де көзге шалынды.» деп жазады Azattyq.

«Шеру кезінде әйелше киінген жас жігіттің басындағы парикті біреу “провокатор” деп айғайлап, жұлып алды. Іле-шала екеуін де полицейлер қолынан ұстап, алып кетті. Парикті жұлып алған азамат журналистерге өзін “Ресентимент клубы” өкілі Олжас Қожахметовпін деп таныстырды. Кейін Алматының Алмалы аудандық полиция басқармасының өкілі, полиция майоры Айдар Нағашыбек Азаттыққа екі азаматтың “бұзақылық” күдігімен ұсталғанын айтты»

Сондай-ақ, бұл шеруге қатысқандар саяси тұтқын қыздар мәселесін де көтеріпті. «Қазір түрмеде отырған, саяси тұтқын атанған қыздарымызды босатуды, Еуропарламенттің 11 ақпандағы қарарын орындауды биліктен талап етіп сөйлейік десек, бізге сөз бермей тұр. Біз бүгінгі акцияға сол қыздарымызды босатуды талап етіп шықтық, – деді өзін Жанна Ынтымақова деп таныстырған адам.»

https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-almaty-feminist-march/31139098.html

Әйелдер шеруі жайлы қазақ тілінде толыққанды материал таратқан тағы бір интернет басылым  Vlast.kz сайты. Материал 9-наурызда жарық көрді. Мақала «Бұл билік үшін емес, өмір үшін күрес»  8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні ұйымдастырылған бейбіт шеру қалай өтті?» деп аталады.

Онда мақала авторлары бұл шеруге әкімдік тарапынан рұқсат беруде де біршама қиындықтар болғанын ұйымдастырушылардан сұрап біліпті. «…Әкімдікпен туындаған мәселенің тағы бір себебін Гүлзада Сержан да атап өтті. «Әкімдікке әртүрлі арыз-шағымдар түсіпті. Бір топ адам “Гейлер мен лесбиянкалардың парадын өткізуге кім рұқсат берді?” деп шу шығарған екен», – дейді ол. Оның сөзінше, өтінім заңда көрсетілген талаптарға сай болды. Әкімдік рұқсат бергеннен кейін артқа шегіне алмаған. «Шеру емес, тек митинг болса, қалай болады деп сұрады. Біз көнбедік. Кейін құқық қорғаушылар көмектесіп, шеру де өтетін болды», – деп түсіндірді Гүлзада Сержан…»

«…Өзін «ешқандай топтың мүшесі емеспін» деп таныстарған азаматтық белсенді Кенженің айтуынша, әйелдің құқығы үшін ғана емес, жердің сатылмауы мен саяси тұтқындарға дабостандық талап етуге келген. «Қазақстандағы әділетсіздіктерге көнбегендектен, осы шеруге келдім», – дейді азаматтық белсенді…» деп феминистер болмаса да шеруге қатысушылардың да пікірін береді.

Мақала авторларының жазуынша «Әйел құқығын қорғау мақсатында шыққандардың бірі – Баубек Сағындық». Ол өз ұстанымы туралы былай дейді: «Алдағы уақытта да феминизм, әйелдер мен еркектердің теңдігі туралы және қоғамда болып жатқан озбырлық, зұлымдықтуралы әрқашан айтып, көрсетіп отыруымыз керек. Егер біз айтпасақ, бұл проблема жалғаса береді»

«…Бейбіт шеру қатысушыларына өтіп бара жатқан көлік жүргізушілері сигнал беріп, қолдау білдірсе, тұрғын үй терезелерінен қарап тұрған халық қол шапалақтап, фотоға түсіріп жатты.» деп жазады Vlast.kz

https://vlast.kz/vlast-qazaqsha/44072-bl-bilik-sin-emes-mir-sin-kres.html

Facebook-те Феминизм мен осы әйелдер шеруін сынаушылар және пікір алуандығын және әйелдер құқын жақтаушылар арасындағы дау-дамай толастар емес. Ендігі жерде жалпы  толастар ма екен?

Ал, БАҚ құралдарында шеруге орай Қазақстандағы әйел құқықтары туралы қазақ тілінде талдау материал жарияланбады  десе де болады(әлде біздің назарымызға ілікпеді), бәлкім алдағы уақыт еншісінде болар?!

Суреттер мен видео “Азаттық” сайтынан алынды

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар