////

Әйгерім Құсайынқызы: Заңда бәрі жақсы жазылған, алайда адамдардың санасымен күресу қиын

1659 рет қаралды

Бүгін Алматыдағы Ганди саябағында әйел құқығына қатысты митиң болып өтті. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша феминист белсенділер жылдағыдай марш өткізуді жоспарлаған. Бірақ өкінішке қарай, Алматы қаласының әкімшілігі биыл ол шараға рұқсат бермеген. Біз осы мәселеге орай шараны ұйымдастырушылардың бірі Әйгерім Құсайынқызымен әңгімелескен едік.

– Әйгерім Құсайынқызы,  сіздер жыл сайын 8 наурыз күні феминистік марш ұйымдастыратын едіңіздер, биыл оны ұйымдастырмадыңыздар, неге?

– Биыл бізге рұқсат берген жоқ. Тек 8 наурыз күні  Ганди паркінде сағат 15:00 ден 17:00-ке дейін митинг өткіздік. Тақырыбы: “Әйелдердің сексуалды алымсақтық, бопсалауға қарсы”. Енді бізде әр жыл сайын 8 наурызда маршымыздың тақырыбы болады. Мысалы алдыңғы жылы “Биліктегі әйелдер”, 2021 жылы “Әртүрлі әйелдер” деген тақырыпта болды. Осы жолы біз сексуалды бопсалауға, сексуалды сипатты харассментке қарсы тақырыпты таңдадық.

–  Бұл митингтің негізгі мақсаты қандай?

– Негізгі мақсаты, біздегі әйелдердің мәселесіне көңіл аударту. Яғни 8 наурыз тек қана әйелдердің гүл алатын ғана, құттықтайтын, нәзік сыйлығын алып, нәзік жандыларымыздың көркі болып жүре беріңіздер дейтін құттықтауды алатын күн болмауы керек. Жалпы бұл күннің тарихы неде? “Әйелдер құқығының манципациясы, әйелдер қандай құқық үшін күресте және 100 жыл бұрынғы күрес әлі де жалғысып келе жатыр, неге?” деген мәселеге көңіл аударту үшін осындай шаралар ұйымдастыруды жөн көрдік.

– Қазақстандағы гендер мәселесіне эксперт ретінде қандай баға бересіз?

– Жалпы  гендер деген мәселе бірнеше саланы қамтиды. Ол экономикадағы, саясаттағы, бизнестегі, мәдениеттегі гендер деген сияқты. Ал егер жалпы Қазақстандағы гендерлік саясатқа 10 балдық шкаламен мен 7 деген баға беретін едім.

Бізде заңда бәрі керемет жасалған. Өте жақсы саясат бар. Өте жақсы көрсеткіштер бар. Бірақта біздегі ең қиыны ол заңның үстемдік етуі емес,  адамның санасы мен стереотиптермен күресу.

– Қазіргі таңда бүкіл әлемде феминистік қозғалыстар жүріп жатыр, мысалы Иранда хиджабқа қарсы қаншама адам митингке шықты. Иран билігі ол митингке шыққан адамдарды аяусыз қырды, осыған қарамастан адамдар әлі күнге дейін бұл қозғалысты тоқтатқан жоқ. Жалпы бұдан бір қорытынды бола ма?

– Бұл мәселеге бізге жауап беру қиын. Себебі жалпы Ирандағы мәселе бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Бірақ Иран билігінің атынан біз сөйлей алмаймыз. Жалпы бұдан қандай қорытынды көруге болады: 21 ғасырдың 22 жылы болса да, әйелдер құқығы үшін күрестің әлі белсенділігін көрсетеді және кейбір мемлекеттердің Иран болсын, тіпті Қазақстан болсын, әйел құқығы саласының дамуы емес, кері кеткендік яғни регресстің бар екенін көруге болады. Өте алаңдататын жағдай. Себебі ғаламдық деңгейде бір мемлекетте болған жағдай ол ешқашан сол мемлекеттің шекарасында тоқтап қалмайды. Ол өзге мемлекеттерге әсерін береді. Ал бүкіл әлемде басталған Ирандық әйелдерді қолдауға байланысты марш, ол әрине Иран үкіметі шешім қабылдамай ештеңке өзгермейді.

– Сіз үшін отбасылық құндылық деген не?

– Мен үшін отбасылық құндылық деген, мен заңгер болғандықтан әр сөздің анықтамасын заңнан іздеуге тырысамын. Қазақстандық заңнамада ол гендерлік саясат, отбасылық саясат, азаматтық кодекс. Бізде отбасылық құндылыққа анықтама бермеген, оны әр адам өзі анықтайды. Оның бір әмбебап универсалды формуласы жоқ. Мен үшін отбасылық құндылық, ол адам құндылықтары, яғни адамды сыйлайтын, бағалайтын адамның өмірі, ең жоғарғы қазына деп есептелетіндерді ғана мен отбасылық құндылық деп айта аламын. Әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа көніп жүруі, баласын ұруын отбасылық құндылық деп ақтап алуға қарсымын.

– Рахмет. Мерекеңіз құтты болсын!

Әңгімелескен Гаухар Сатбаева, 

СДУ Журналистика мектебінің ІV курс студенті

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері