/

Гимнаст Нариман Курбанов Словениядағы Challenge Cup кезеңінің финалына бірінші орынмен шықты

22 рет қаралды

Фото: olympic.kz

Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінің алғашқы іріктеу күні аяқталды, деп хабарлайды olympic.kz.

Іріктеу нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда Нариман Курбанов 14,900 ұпай жинап, финалдық кезеңге бірінші орынмен шықты.

Зейнолла Идрисов та медаль үшін сынға түседі. Іріктеуде ол төрешілердің шешімімен 14,266 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.

Сақиналардағы жаттығуда Роман Маменов 13-орынмен жарысты аяқтады.

Айта кетейік, турнирдің финалдық бәсекелері 30 мамырда басталады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар