/

ArtLine Kazakhstan командасы Бельгиядағы жарыста жеңіске жетті

46 рет қаралды

Фото: Artline Kazakhstan

Қазақстандық ArtLine Kazakhstan командасы Бельгиядағы аңызға айналған Spa-Francorchamps автодромында өткен Lamborghini Super Trofeo Europe сериясының үшінші кезеңінің екінші жарысында тамаша нәтиже көрсетіп, Pro-Am санатында жеңіске жетті.

Сонымен қатар экипаж абсолюттік есепте қола жүлде иеленді. Жарысты 19-орыннан бастаған отандық ұжым сапынан алғаш болып рөлге тәжірибелі пилот Шота Абхазава отырды. Ол өз жарыс бөлігінде жоғары шеберлік танытып, қарсыласын сауатты басып озды. Міндетті пит-стопқа дейін қазақстандық экипаж абсолюттік есепте 14-орынға, ал Pro-Am санатында төртінші орынға көтерілді.

Команданың мінсіз ұйымдастырылған пит-стопынан кейін рөлге Егор Оруджев отырды. Ол жарыстың жоғары қарқынын сақтап, қарсыласын біртіндеп оза берді. Мәре сызығына санаулы минут қалғанда отандық экипаж өз санатында үшінші орында келе жатқан еді. Трассада болған бірнеше оқиғаға байланысты ұйымдастырушы қауіпсіздік көлігі режимін енгізді. Қайта берілген старттан кейін Егор Оруджев батыл маневр жасап, соңғы айналымда ArtLine Kazakhstan командасына абсолюттік есепте қола жүлде мен Pro-Am санатындағы алтынды сыйлады.

Бұл нәтиже отандық автоспорттың қарқынды дамып келе жатқанын халықаралық деңгейде тағы бір мәрте дәлелдеді. Енді қазақстандық ұжымды маусымдағы ең маңызды сын күтіп тұр. Ағымдағы жылдың 22–25 қазаны аралығында Италиядағы Monza автодромында өтетін Lamborghini Super Trofeo Әлемдік финалында ArtLine Kazakhstan командасы әлемнің үздік экипажымен бірге бақ сынайды.

Түгелбай Бисен,

minber.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар