/

Шанхай тарихи музейінде қазақ халқының мәдени көрмесі ашылды

63 рет қаралды

Фото: gov.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Шанхай тарихи музейінде «Бабалар мұрасы – дәстүр сабақтастығында» халықаралық көрмесі ашылды.

Алматы қаласы музейлер бірлестігінің бастамасымен Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығының және Шанхай халық үкіметінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл іс-шара екі қала арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жалғасы болып табылады. Екі шаһарға 2025 жылы өткен «Қытай – Орталық Азия» екінші саммитінде бауырлас қалалар мәртебесі берілсе, 2026 жылғы сәуірде Шанхай мэрі Гун Чжэннің Алматыға ресми сапары барысында екі музей арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылған еді.

Көрмеге Алматы қаласы музейлер бірлестігі қорынан қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстыратын 100-ге жуық жәдігер, соның ішінде этнографиялық бұйымдар, архив құжаттары, ұлттық аспаптар және 1287 жылы Алматыда соғылған күміс дирхемдер қойылған.

Сондай-ақ келушілер QR-код арқылы қазақ аспаптарының әуезін тыңдай алады.

Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланысты нығайтуды көздейтін бұл халықаралық көрме 2026 жылғы 30 тамызға дейін жалғасады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар