//

Қазақстандық балуандар Моңғолиядағы рейтингтік турнирде 12 медаль жеңіп алды

47 рет қаралды

Фото: olympic.kz

Ұлан-Батырда (Моңғолия) күрес түрлерінен өткен рейтингтік халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды olympic.kz.

Қазақстан құрамасы жарысты 12 медальмен аяқтады.

Еркін күрестен Асыл Айтақын (61 келіге дейін), Азамат Дәулетбеков (92 келіге дейін) және Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. Ал Мейрамбек Қартбай (57 келіге дейін), Әділет Әлмұхамедов (61 келіге дейін), Шамсат Таир (79 келіге дейін) және Болат Сақаев (86 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.

Грек-рим күресінен Нұрасыл Аманалы (97 келіге дейін) күміс жүлдегер атанса, Еркебұлан Ардақов (63 келіге дейін) пен Олжас Сырлыбай (130 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Әйелдер күресінде Нилуфар Раимова (57 келіге дейін) мен Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар