///

Жазғы демалысты қалай тиімді пайдаланамыз?

1185 рет қаралды
фото ашық дереккөзінен

Құрметті оқырман! “Мінбер” ақпарат агенттігі Көп балалы аналардың мәселесіне қатысты проблемаларды биыл да қозғамақ. Негізгі мақсатымыз, біздің үкіметтің көп балалы аналар үшін жасап жатқан игіліктері қандай, оны қолдану үшін қандай әрекет ету керек? Бағдарламалар қаншалықты тиімді, қаншалықты күрделі, аналардың бәріне бірдей мүмкіндік қарастырылған ба? Сондай-ақ, жекелеген мысалдармен бұл бағдарламалардың артықшылығы мен кемшілігін сарапқа саламыз. Әрі көмекке зәру отбасылардың мәселесін айқындап, оларға ақпараттық көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз.

Құрметті аналар, ақпарат ең басты қару. Егер сіз өз құқығыңызды білгіңіз келсе, сізге қандай игіліктер қарастырылғанынан хабардар болғыңыз келсе, қапы қалмаңыз, біздің эфирлерге қатысыңыз, спикерлерге сұрақ қойыңыз. Біз билік пен сіздің араңыздағы ара қашықтықты жақындатамыз. Сізге қажет спикерлер біздің қонағымыз болады. Сауал қойыңыз, пікір білдіріңіз, ақпарат алыңыз, мәселеңізді шешіңіз.

Біздің алғашқы эфиріміз балалары мектеп бітіріп жатқан немесе 16-ға толған ата-аналарға арналады. Сіз балаңызды жұмысқа орналастырғыңыз келе ме, әлде колледжге оқуға түскенін қалайсыз ба? Келіңіз, сіз үшін жақсы жаңалығымыз бар.

Бұл контент АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы америка халқының көмегімен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында дайындалды.
“Мінбер” ақпарат агенттігі ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі