///

Ақпараттық соғыстар қалай жасалады?

13860 рет қаралды

Ақпараттық соғыстар бұл қоғамдық сананы жаулауға арналған соғыстар. Қоғамдағы аңқау адамдарды ақпараттық манипуляция арқылы өз дегеніне көндіру, жетегіне ілестіру, сол арқылы көздеген мақсаттарына қол жеткізу белгілі бір топтың көздеген мақсаты болуы мүмкін. Алайда, ақпараттық соғыс қашан басталып, қашан аяқталады, ол науқан кімдерге арналған, ол қаншалықты қауіпті немесе зиянды, бұл жағын ажырату өте қиын. Ақпараттық соғыстар тактикалық ақпараттарды жинау, ақпараттың шынайы екендігін қамтамасыз ету, үгіт-насихатпен айналысу немесе қоғамды манипуляциялау әлде деморализациялау мақсатында дезинформация тарату, қарсы тараптың ақпаратын жоққа шығару әрі олардың ақпарат жинауына мүмкіндік бермеу жолымен жүзеге асуы мүмкін. Ақпараттық соғыс психологиялық соғыспен тығыз байланысты.

ХХІ ғасырда ақпараттық соғыстың жаңа әдісі пайда болды. Мемлекеттер, саясаткерлер өздерінің қарсыластарын бұрынғыдай оқ пен қарумен сұлатпайды, ақпараттық жүйелеріне зақым келтірсе жетіп жатыр. Бұны ақпараттық соғыстың шарықтау шегі десе де болады. Ұлттық Қорғаныс университетінің қызметкері Дэн Кюль (Dan Kuehl) ақпараттық информацияға: «ақпараттық ортадағы екі немесе одан да көп топтың өзара шиеленісі» деген анықтама береді. Ақпараттық соғыс шын мәнінде өте қауіпті әрі қатыгез. Батыс басшылары Қытай мен Ресейдің деңгейінен қалыспау үшін электронды коммуникацияларды қорғау, оған төнетін қауіпке қарсы тұру үшін миллиардтап қаржы құяды. Ақпараттық соғысқа радиоэлектронды, кибер және психологиялық соғыстар жатады. Әрі болашақ бұл соғыс басқа әскери іс әрекеттердің негізгі элементіне айналмақ.

Ақпараттық соғыстың анатомиясы:

Мемлекеттер арасындағы ақпараттардың еркін ағымы бизнеске, халықаралық қатынастарға, әлеуметтің нығаюы үшін аса маңызды. Бүгінгі коммуникация Интернетке тікелей тәуелді немесе байланыстың электромагнитті спектрінің әртүрлі бөліктері (радио немесе микротолқындар секілді) арқылы жүзеге асады. Біз аса жоғары байланыста өмір сүреміз, алайда хаос тудыру үшін қатты еңбектенудің де қажеті жоқ. Электронды соғыс осы электромагнитті трансмиссияны жоюға немесе бейтараптандыруға пайдаланылады.

Біз кибер шабуылдың не екенін хабардармыз. Бұл шабуылдар интернетті пайдалана отырып, дижитал желілерді істен шығарып, бизнестің әрекет етуіне тосқауыл қояды. Бұның ақыры компаниялардың имиджісінің құлдырауына, құнды қағаздар рыногына, қаржылық дағдарысқа әкеліп соғуы мүмкін. Кейде кибер шабуыл кәсіпорындар мен фабрикаларда немесе энергетика, су және газ құбырларын пайдаланатын жүйелерге де жасалынуы мүмкін.  Ұлттық инфраструктураның соншалықты ауқымды саласына нұқсан келтіре отырып, бұл шабуыл адамдардың өмірін қатерге тігеді.

Психологиялық шабуылдар ел тұрғындарының әл ауқатының әлсіреуіне, моральдық тұрғыдан азуына бағытталады. Бұл ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі арқылы жалған ақпараттар тарату арқылы жасалады. Қазір ақпарат өте жылдам таралады, әсіресе жалған немесе әдейі ұйымдастырылған ақпараттардың дәурені жүріп тұр. Бұны соңы жаппай дүрбелеңге алып келуі мүмкін.

Ақпараттық соғыс сонымен электронды соғыс, киберсоғыс және психологиялық соғыстардың жиынтығы.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі