///

Нұрбот, Кремльбот, Трампбот. Боттар қалай жұмыс істейді?

11438 рет қаралды
иллюстрация авторы Светлана Раздоба

Интернеттің дамуы адамзат өркениетін адам айтса нанғысыз биікке көтерді. Жасанды интеллектер, интернет роботтар адам қолымен жасалатын қаншама дүниені жеңілдетті. Солардың бірі боттар.

Боттар компьютерлік бағдарламалардың кез келген тапсырманы орындауы үшін бағдарламаланған қосымшалары. Боттар автоматты түрде жұмыс істейді, яғни олар өздеріне берілген тапсырманы бағдарламаның көмегімен жүзеге асырады. Бұған адамның араласуының қажеті жоқ. Боттар адамдар секілді әрекет етеді. Олар қайталанатын тапсырмаларды орындаса да, адамдардан он есе жылдамдықпен жасайды.

Боттар негізінен желілер құрады: қазір интернеттегі негізгі қызметтерді де боттар атқарады, контентті сканерден өткізу, вебпорталдармен интеграция жасау, пайдаланушылармен жауаптасу, кімдердің шабуыл жасайтындарын анықтау. Кейбір боттар өте пайдалы әрекеттер атқарады. Мәселен, іздеу жүйесі, олар контентті іздеуге немесе тұтынушы қызметтерге лайықтап индекстейді. Кейбір спам тарататын да зиянды боттар жетерлік.

Боттың түрлері:

Чатботтар: боттың бұл типін негізінен компаниялар қолданады. Олар адамдардың кез келген сауалына алдын ала дайындалған жауаптарды қайталау арқылы жауап береді. Сөйтіп компаниялардың жұмыс істеу өнімділігін арттырады.

Веб шолғыштар (Гугл боттар): бұл боттар интернеттегі веб порталдардың барлық контентіне щолу жасайды, сканерден өткізеді.

Әлеуметтік боттар: Әлеуметтік медиа платформаларында жұмыс істейді.

Зиянды боттар: Бұл боттар негізінен спам таратумен айналысады.

Біз бүгін оқырмандарымызға боттардың пайдасы мен зияны және ақпаратты манипуляциялаудағы рөлі, жалған ботфермалар жайлы ақпараттарды таныстыруды жөн көріп отырмыз.

ЧАТ БОТТАР

Ең пайдалы боттар осы чатботтар. Бұлар әсіресе бизнестің дамуына ерекше үлес қосады. Bloomberg зерттеуінің мәліметтері бойынша, чат-боттар мобильді қосымшалар рыногінан да жылдам дамып келеді. Чат-боттар бизнестің әлеуметтік желі пайдаланушыларымен өзара қарым қатынасты жылдамдатуға көмектеседі. Сарапшылардың болжамына сүйенсек, бұл рынок жыл сайын 30% өсіп отыратын болады.

Ақылды чат-боттар жаңа нарыққа жол ашты, сөйтіп технологияның қай бағытта дамуына жол көрсетті. Басында олар өте қымбат болғандықтан, оны ірі компаниялар ғана пайдалана алды. Тек 2016 жылдан бастап, бұл салада ірі өзгеріс болды. Ғалымдар оны фейсбуктің Messenger платформасының пайда болуымен байланыстырады. Тек бірінші жылдың өзінде 11 мыңнан астам чат боттар пайда болған. Қазіргі сәтте бұларды шағын бизнес өкілдері де пайдалана алады. Әлеуметтік желі және мессенджердің көмегімен оның танымалдылығы аса жоғары жылдамдықпен өсіп келеді. Бүгінде 2 миллиардтан астам пайдаланады. Research And Market жүргізген зерттеуге сүйенсек, чат-бот нарығы қазірдің өзінде $2 млрд долларға жеткен. Ресейдің өзінде бұл нарық қарқынды дамып келеді. Accenture жасаған зерттеулерге сәйкес, чат-бот нарығы 2021 жылы 1,5 млрд рубльге жеткен.

www.forbes.kz сайтының жазуына сүйенсек, Қазақстандағы чат-бот нарығы әлі бастапқы кезеңде.

САЯСИ БОТТАР

Өкінішке қарай, боттар тек бизнесте ғана қолданылмайды, бүгінде саяси алаңның көрігін қыздыру, әкім қаралардың оң имиджісін қалыптастыру, қоғамның назарын маңызды оқиғадан аударып әкету, қоғамдық сананы қалыптастыру, Үкіметтің жұрт ұнатпаса да жүзеге асырғысы келетін шараларын насихаттау үшін боттарды пайдалану кең етек алды. Бұл боттар шын мәнісінде нағыз адамдар болуы мүмкін. Бірақ, бұларды жанды роботтар десе болады. Өйткені, олар біреудің жазып берген комментін таратып отырады, фейк аккаунттар ашады, өздерінің жеке пікірлері болмайды және ақшаға қызмет етеді.

Назарларыңызға www.zakon.kz сайты жасаған мына бір қызық зерттеуді ұсынайын.

Мәселен, Қазақстанда қазір аса танымал болып келе жатқан Телеграм каналындағы пайдаланушыларға жасалған анализде телеграмдағы танымал аккаунттардың жазылушыларының басым бөлігі анықталған. Айталық, Telegram сегментінде алғашқы болып тіркелген Мұхтар Аблязов “ДВК активист” деген канал ашады. Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы (ЦАРКА) жүргізген анализге сүйенсек, оның жазылушыларының көбі «өлі жандар» болған.

Барлық жазылушылардың 50% хабарламасын бар жоғы 300 пайдаланушы ғана дайындап отырған.

Телеграм жалпы ақпарат таратуда және қоғамдық сананы басқаруда аса тиімді платформалардың біріне айналғалы біраз уақыт. Ал оны жүргізушілер екіге бөлінеді. Анонимді пайдаланушылар және «тірі» аккаунт. Сайттың жазуына сүйенсек, Телеграм каналдардың шын аудиториясы 2-3  адамнан аспайды. Көбі аудиторияны боттар арқылы жинайды.

Қазақстандағы ең танымал телеграм каналдар Орталық Коммуникациялар орталығының директоры Талғат Қалиев пен  “элитолог” Ербол Еділовтің каналдары.

Бірақ каналдарға жүргізген анализдерге сүйенсек, Kaliyev channel аккаунтының 105884 жазылушысы бар, әр пост 41433 қаралым жинайды. Жазылушылардың жалпы саны – 122 245, оның – 112 802-і боттар. Каналдан – 16 481 адам кетіп қалған. Оның – 11 712-і боттар. Қорытындылай келсек, каналдағы боттар – 101 090, нақты аудитория – 4 794.

YEDILOV ONLINE – 46 111 жазылушылар, әр пост ~12948 қаралым жинайды. Жазылушылардың жалпы саны 52 426, оның – 46 538-і боттар. Каналдан – 7 974 адам кетіп қалған, соның ішінде – 5 534-і боттар. Қорытындылай келсек, каналдағы боттар – 41 004, нақты аудитория – 5 107.

RASHEV – 43 632 жазылушы, әр пост ~ 14493 қаралым жинайды. Жазылушылардың жалпы саны – 41 522, оның – 29 636-і боттар. Каналдан – 10 360 адам кетіп қалған, соның ішінде – 6 079-ы боттар. Қорытындылай келсек, каналдағы боттар – 23 557, нақты аудитория – 20 075.

Alisher Yelikbayev LIVE – 25 036 жазылушы, әр пост ~12858 қаралым жинайды. Жазылушылардың жалпы саны – 14 303, оның – 13 995-і боттар. Каналдан – 3 638 адам кетіп қалған, соның ішінде – 1 098-ы боттар. Қорытындылай келсек, каналдағы боттар – 12 897, нақты аудитория – 12 139.

НҰРБОТТАР

Тек жекелеген адамдар ғана емес, әлеуметтік желідегі боттарды Үкіметтің жақсы имиджісін қалыптастыру үшін билік органдары да пайдаланады. Бүгінде халық арасында «Нұрбот» атанып кеткен маман иелері бар. Бұндай мамандық Қазақстаннан өзге ешбір елде жоқ деп жазады Chabar.asia. Бұл адамдар біреудің немесе мемлекеттік органның жағымды имиджін қалыптастыру үшін фейк аккаунттарды басқарады. Бұл фейк аккаунттарды  жалдамалы жұмысшылар ашады. Олардың мақсаты мемлекеттің саясаты мен идеологиясын жақтап жағымды пікір жазу. Сөйтіп, адамдардың назарын негізгі тақырыптан ауытқыту, манипуляциямен айналысу және тапсырыс берушінің мүддесіне сай қоғамдық пікір қалыптастыруға әрекет ету. Бұл мақалада бот фермаларды құру үшін 30 адамнан тұратын арнайы компания жұмыс істегендігі айтылады. Олардың негізгі міндеті түрлі әлеуметтік желілерде 50 фейк аккаунт құру болады. Аты жөнін өзгерткен қызметкер аталған компанияның айлық табысы 1-2 млн теңгеге (2400-4800 АҚШ доллары) жеткендігін айтады. «Нұрботтың» мақсаты – күніне 50-70 комментарий жазу. Protenge.kz медиасының негізін қалаушы Джамиля Маричеваның мәліметінше «Нұрботтар» үшін арнайы мемлекеттік тапсырыстар да ұйымдастырылған. «Мәселен Рудный қаласындағы 1,3 млн теңгелік (3 мың АҚШ доллары ) бір тапсырыстың техерекшелігінде  «төрт жалған аккаунт ашу» деп жазылған.

Қазір кез келген квазимемлекеттік корпорацияларда, әкімшілікте және министрліктерде арнайы SMM немесе PR бөлімдері істейтіні белгілі. Бұл бөлімдердің де негізгі жұмысы жалған аккаунттар ашу.

Бұндай саяси боттар Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде де, АҚШ-та да жұмыс істейтіндігі аян. «Нұрботтың» Ресейдегі аналогы — «кремлеботтар». Ал 2016 жылғы АҚШтағы президент сайлауында боттар кеңінен пайдаланылған.

БОТ АККАУНТТАРДЫ ҚАЛАЙ АЙҚЫНДАУҒА БОЛАДЫ?

Мамандар бот аккаунттарды оңай анықтаудың бірнеше жолын ұсынады. Ең басты белгілерінің бірі профиліндегі суреттің өзінікі еместігі. Оны міндетті түрде бір жерден ұрлап әкелуі мүмкін. Сондықтан фото іздеу жүйелерінен іздеп көріңіз.

Мұндай аккаунттардың лентасы көбінде бос болады немесе өзге аккаунттардағы постарды өз парақшасында бөлісуді жөн санайды. Достары аз және әлеуметтік белсенді өмір ағысы байқалмайды. Өлі жандардың лентасы да өлі болады.

Боттардың комментарийлері бір біріне өте ұқсас және үнемі ақша төлеген адамына адалдық танытып отырады.  Боттардың шынайы білімдері төмен болғандықтан, жазатын комменттері де сын көтермейді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі