///

Даркнет немесе қараңғы тор дегеніміз не?

10348 рет қаралды

Darknet немесе  dark web дегеніміз Интернеттің шифрленген бөлігі. Бұл бөлік іздеу жүйелерінде көрінбейді. Оны табу үшін арнайы авторизациядан өту керек немесе белгілі бір жүйеден ену талап етіледі.

Бұл домендер қылмыстық әлеммен жиі байланыстырылады. Дегенмен, бұның артында да адамдар тұрғанын, олардың жеке мәліметтері заңмен қорғалуы қажет екендігін ұмытпау керек.

Бұл домендерде ақпарат алмасу шиферленген бір деңгейлік желілік байланыс (P2P) арқылы немесе Tor браузерлері секілді қабат желілер арқылы қосылады.  Бұл желілерде анонимді түрде тіркелуге болады және заңсыз қызметпен айналысуға мүмкіндік бар.

Даркнет пен дипнеттің айырмашылықтары

Бұл екі термин үнемі бірін бірі алмастырып қолданылады. Бірақ бұл екеуі бір мағынаны бермейді. Қалай дегенмен де, даркнет – терең немесе дипнеттің бір бөлшегі. Бұған қол жеткізу қиындау. Бірақ бұл екеуіне де тән ортақ сипат бар: екеуін де іздеу жүйелерінен таба алмайсыз. Ал айырмашылығы олардың контентіне қалай қол жеткізуге байланысты. Дипнетке URL-адресін білетін кез келген пайдаланушы стандартты веб-браузерді пайдаланып кіре алады. Даркнетке олай кіру мүмкін емес. Оны ашу үшін арнайы бағдарлама керек, шифрін шешу үшін оның кілтін білген абзал. Сондай-ақ, оны ашуға сіздің құқыңыз әрі контенттің қайда екенін білуіңіз керек.

Егер вебті үш қабаттан тұрады деп есептесек, ең жоғары қабатында surface web орналасқан. Бұның контенттерін Google және Yahoo іздеу жүйелерінен табуға болады. Оның астында терең тор, оның астында қара тор яғни даркнет бар.

Даркнетті қалай аша аламыз?

 

Даркнетті қарапайым Firefox немесе Chrome браузерлері арқылы аша алмайсыз. Оны тек қана Tor  секілді арнайы, анонимді немесе көзге көрінбейтін интернет  (I2P) браузерлерді қолдану арқылы ашасыз. Веб-шолғыштың бұл түрі прокси-серверлер қатары арқылы веб-беттерге сұраныстар жіберу арқылы пайдаланушының жеке басын жасырады, бұл IP мекенжайын бақылаусыз етеді.

Кәдімгі домендер .com, .kz немесе .ru суффикстерімен аяқталса, даркнеттің URL-і .onion суффиксін пайдаланады. Сондай-ақ, бұл сайттардың домен атауларында сандар мен әріптер қатар жүретін болғандықтан оны есте сақтау да қиын.

Даркнетті кім қолданады?

Даркнет анонимді түрде хат алмасу үшін басталған. Сол үшін де бұл хакерлер мен криминалды топтардың назарын аударды.

Ол заңсыз әрекеттердің отаны болса да, кейде ол жерден заңды жолмен аккаунт ашатындар да болады. Мәселен, даркнет сөз бостандығы шектелген ортада  қолданушылардың қоршаған орта немесе географиялық аумақтар туралы сырласуына жол ашады. Көп жағдайда даркнет экоммерц үшін қолданылады. Биткойн секілді криптовалютаны қолданушылар төлемді жеке басының кім екенін айқындамай-ақ жасай беру мүмкіндігіне ие болады.

Даркнет заңды ма?

Даркнет заңсыз емес, алайда кейбір заңсыз әрекеттердің платформасы болуы мүмкін. Мұнда біршама заңды компаниялар орналасқан, сондай ақ жекеменшік компанияларды да табуға болады. Даркнетті қолданудың заңды жолының бірі құқық қорғау органдары мен тергеу, іздестіру қызметінің қолдануы. Бұл қызметтің адамдары даркнетте кибер қауіпсіздікке қатысты мәселелерді, мәліметтердің қолды болуын іздеуі мүмкін.

2017 жылдың шілде айында ФБР және Еуропол, тағы басқа да құқыққорғау органдары бірлесе отырып, екі ірі маркеттің жабылуына ықпал етті.

Оның біріншісі AlphaBay Market, Tor желісінде жұмыс істеген қара базар. Көп мемлекеттің құқыққорғау органдары бірлесе отырып ұйымдастырған операция «Штык» AlphaBay сервисінің жабылуына, сайттың инфраструктурасының тәркіленуіне және оның құрушысы Александра Казестің тұтқындалуымен аяқталды.

Даркнеттің екінші базары сол жылы жабылған Silk Road. Оның құрушысы Россо Ульбрихт заңсыз анаша өнімдерін сатумен айналысқан. Содан бері халықаралық құқық қорғау органдары даркнеттің ірі базарларының жабуына ықпал етумен болды. 2021 қаңтарында бүкіләлемдік полицей операциясы даркмаркетті тас талқан етті.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі