/////

Көпбалалы аналар алатын жәрдемақы неге жетеді?

34421 рет қаралды
27
24 kz
24 kz

Елімізде құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар отбасылар көпбалалы отбасы болып саналады. Көпбалалы отбасыларға арнайы тағайындалған жәрдемақы бар. Оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарында білім алатын, яғни 23 жасқа дейінгі ЖОО-да күндізгі бөлімде оқитын студенттерге жәрдемақы отбасының табысының мөлшеріне қарамастан тағайындалады. 

4 балалы отбасыға – 16,03 АЕК.

Жәрдемақы 2021 жылы 46 760 теңге болған, 2022 жылы 49 мың теңгеден асады.

5 балалы отбасыға – 20,04 АЕК.

Жәрдемақы 2021 жылы 58 457 теңге болған, 2022 жылы 61 мың теңгеге өседі.

6 балалы отбасыға – 24,05 АЕК.

Жәрдемақы 2021 жылы 70 154 теңге болған, 2022 жылы 73 665 теңгеге өседі.

7 балалы отбасыға – 28,06 АЕК.

Жәрдемақы 2021 жылы 81 851 теңге болған, 2022 жылы 85 947 теңгеге өседі.

Жетінші баладан кейінгі әр балаға 4 АЕК. 2021 жылы 11 668 теңге болған, 2022 жылы 12 252 теңге қосылады.

Ал осы тағайындалған жәрдемақы неге жетеді деген сұрақпен көпбалалы аналарды сөзге тартып көрдік.

“Қазір әр заттың бағасы шарықтап барады. Еттің бағасы тіпті ұшты. Балалардың жәрдемақысы балабақшадан артылмайды.  Мен жұмыссызбын, кенжеміз кішкентай болғандықтан үйде отырмын. Балалардың сұрағанын да, қажет заттарын да көп жағдайда алып бере алмай қаламыз.”-дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Айжан Садуақасова.

“Менің үш балам мектепке барады. Ал кішкентайым бірнеше айлық. Шығын шаш етектен. Жөргектің өзі арзан тұрмайды. Арасында бала болған соң ауырып қалады. Дәрінің құнын көріп, біліп жүрміз. Алмайын десең амал жоқ.”-дейді қала тұрғыны Айгерім Дөнсебаева.

Мінбер сайтының тілшісі Талдықорған қаласындағы ең арзан Балалар дүкеніне барып, бағаларды көріп қайтты. Төмендегі видеодан әр заттың бағасын анық көресіз.

Бұл жоба –  АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы америка халқының көмегімен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында дайындалды.
“Мінбер” ақпарат агенттігі ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

27 Comments

  1. Жәрдем ақы неге жетеді деген сұрақты қоюдың өзі ұят кәзіргі уақытта. Бәрі қымбат азық тұлікте бір айға жетерлік тек ала алмайсың, балалардың барлығына киім ала алмайсың. Ет қымбат, жеміс жидек дегенді жәрдем ақы алғанда бірлет аламыз айына бір екі рет жейді балалар. Комуналкада қымбат.

  2. Коп балалы жардем акы жетпейди 49,000 бир кундик продукт патер жалдаймыз кунделикти тамакка кетеди не озимиздин баспана болмаган сон оте кыйын сонгы ОСы айлар тамакка мулдем жетпейди озим торт баланы асырау отырмын жумысым жок уйде ОСы Айда патерди босату керек Казир патер жалдау еки болмели 100.000 кем емес калай жалдаймын билмим басым катып кетти кунен кунге жагдай томендеп жатыр билмим Арты не болады билмим

  3. Менде көп балалы анамын 4қызым бар 49100тг алам квартирамнан аспайды балаларыма мүлдем жетпиді

  4. Мен көп балалы анамын 4ұлым бар 49100 жәрдем акы аламын казіргі күні барлық зат қымбат бір баламның сүті мен памперісінен артпаиды

    • Шүкір бермесе қайтер еді баланы әр ата ана өзі ушін туады үкімет жеткізіп беру міндетті емес

  5. Мен көп балалы анамын. 7 балам бар. 6 оқушы. Алатын пособие тамаққа да жетпейді. АСП төлемейді.

    • Ия өте дұрыс ол ақша неге жетеді,жартымсыз,мынадай қымбатшылық заманда,,балалар жылы деп,балалар жылында не жасап жатыр керемет қылып,жоғарыда отырған басшылар
      Ал жалғызбасты аналар ше

  6. Сол пасобияны тагайындап откан адамнын айлыгын сондай етип беру керек. Корсин.

  7. Менің есімім Эльмира 5балам бар акшасы жетпейді,ун бір кап 11500тенге,суйык май 5л 4500тегне болган соң кайдан жетеді.Уйім жок пәтер жалдап тұрамын. Ет дегенді умыткалы кай заман.Жәрдем беріңіздерші өтініш.

  8. Тукке жетпейд туккееее,осы сумманы тагайындаган сон жететындей кылып жасамайма

  9. Сәлеметсіздерме! Мен Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғынымын! 4 бала шағам бар кішкентай үлкені енді барады мектепке! Бәрі қымбат! Ақша аз ! ӘАК та аз бөлінді! Не үйіміз не машинамыз жоқ басымызда! Бірдене деп әкімшілікке бармақ Кентаудың заңы деп шығады! Әр жақта әр түрлі ме заң әлде бүткіл Қазақстан ға бір ме заң?

  10. 5 балам бар,кішім 4айлық.61000т аламын.күйеуімде официально жұмыс жок. осы акшаға кун коріп отырмыз. жетпейді, балаларыма калаған заттарын әпермек түгілі күнделікті сүт пен нанға жеткізе алмайтын күндерім болады.

  11. Әрине ,жәрдем ақы ештеңеге жетпейтіні айдан анық.Бірақта үкіметтен сұрай бергеннен не пайда?Еститін құлақ жоқ.Сол үшін амал жоқ.Қосымша жұмыс іздеп,не табыс көзін іздеу керек шығар.Жұмысқа шығайын десе бала қарайтын адам жоқ деген тағы бір проблема бар.Бала тусақ өзіміз үшін,үкімет үшін туғанымыз жоқ,сол себепті осы балалар үшін тауды да тасты да қопарамыз.Үкімет тарапынан жәрдем ақыны бір 30%көтерсе,еш мәселе болмас еді.Соған да шүкір деп отыра берер едік.Аллаға шүкір осы күніме

  12. 4балам бар көп балалы отбасымыз. Квартира да жүргенше деп несие алып жай салдык ..кантарда кийеуим жумыссыз калды содан кредиттер минип кетти.49000тг туседи неге кеткенин билмисин..укиметтегилер аузын толтырып айтады көп балалылар га жәрдем деп…укиметтен көмек келсе акимата танысы барлар жағдайы жаксы болсада солар кореди рахатын.карапайым адамдар барса документ откизин деп басын катырып жибереди .кейин колын бир силтеп кете береди.амал жок…отирик уәде беретин .ешкашан уадеси орындалмайтын елде омир суремиз.окинишке карай

  13. Әрине жетпейді, 6 балаға. Асіресе енді азық түліктен бастап киім кешектерінің өзі қандай қымбат ең арзан киімдермен киндіргеннің өзінде

  14. Бұрын 10500 теңге бергенде де риза болғанмын. Кәзір шүкір 61000 аламын. Екі жұмыс жасаймын. Жолдасым жұмыс істейді. Алақан жайып отыра бермей әрекет ету керек. Қолда телефон интернет бар , сол мүмкіндікті пайдаланыңыздар

    • Еки жумыс турмае бир жумыста жок. Ауылда жумыс жоктын касы, не мектеп алмайды, не садик алмайды орын жок, сағат жок деп сылтаулары битпейди. Берген жәрдем акы дымгада жетпейди. Шукир пособия жокта да отырдык кой бирак “Балалар жылы” болгандыктан акшалай комек болса типти нур устине нур болар еди.

  15. Ия аналар, жоғарыда отырған үкімет біздің жан айқаймызды естісе шіркін.

  16. Жоспармен жасау керек, жыныстық қатынас жаман нәрсе

  17. Менде 4баланың анасымын 49100тг неге жетеді твмаққа да жетпейді.Кункөріс қамы 34500тг деген еді үкімет басшылары сол ақшаны бала басына шығарып бермейме ,көп балалы аналарға,қымбатшылык барлық нәрсе қымбат,Балалаодың тәттілерін айына пасобия алғанда жейді болды, киім алу қиын , Депуттардың,Әкімдердің айлықтары шарықтап тур сол айлықтарын қысқартып Президенттіміз халыққа көмек қашан береді екен

  18. Ия пособия ештене жетпейдиго керек нарсемизди ала алмаймыз балдардын оздерине жетпейди!Пособияны котерсин!

  19. Биздеде сол мәселе 4 балам бар 49000 ештеңеме жетпеди даже балама сүт алғанға тиын калмады кишилерим 1жас 5ай одан кенжем 6 айлык озимнин денсаулығымда жок. Баламен жумыскада шыға алмаймын. Осы биздин жан айкайымызды жоғары жактагылар тусинбейди ғой. 49000 мен күн корип корсинши оздери сосын тусинер еди

  20. Мемлекеттің қазынасы халық, өздерің үшін туып жатырсыңдар дейтін басшылық ертең құдай сақтасын соғыс болса сол халықтың артына тығылады ғой, жұмыстан келгенде құдайға тапсырып кеткен үш баламыз не әкелдіңдер деп алдымыздан жүгіріп шыққанда Аллаға шүкіршілік айтып отырамыз аман-есен болғандарына, ештене әкелмесек те ренжімейтін болған, олар да бәрін түсінеді ғой балалар

  21. өте дурыс айтасыздар! Осындай дамыған заманда бұл тым мардымсыз ақша. Түккн тұрғысыз.

  22. Салеметсіздерме менім есімім Гулшат жасым 28де 5 балам бар алтыншысына аяғым ауыр, ал бесінші балам желтоқсанның 28-інде бірге толды сонда мен бір жарым жасқа дейін жәрдемақысын алмаймын ба, соны білгім келеді

Гульжан жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері