//

Аятжан Ахметжанұлы Мәслихат сайлауынан неге шеттетілді? Немесе бұл сайлаудың комедиясы

1223 рет қаралды

Енді небәрі тоғыз күннен кейін сол сайлау. Алайда Орталық сайлау комиссиясы  кейбір үміткерлердің құжаттарын талапқа сай емес деп сайлаудан шеттетіп жатыр. Ең қызығы PhD химик, ұстаз Аятжан Ахметжанұлының депутаттыққа кандитат болып, үгіт-насихат жүргізіп жүрген кезінде сайлаудан шеттетілуі.

Тарқатып айтар болсақ, Аятжан Ахметжанұлы өз кандидаттығын ұсынған соң  декларация тапсырады.  Бірақ, Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы декларацияны тексеру уақыты аяқталғаннан кейін, сайлауға 13 күн қалғанда ғана оның кандитаттығы жарамсыз екендігін хабарлаған. Бұл туралы Аятжан Ахметжанұлы өзінің Facebook парақшасында жариялады.

Сайлаудан шеттетілгенін оқыған халық наразылығын білдіріп, Астана қаласының мәслихатынан «Кредитін жасырғаны үшін сайлаудан шеттету сылтау ғой»,- деп жарыса жазып жатыр. 

“МӘЖІЛІСКЕ ЕМЕС, МӘСЛИХАТҚА ҮМІТКЕРМІН”

Ең қызығы Аятжан Ахметжанды Мәслихат сайлауынан шеттету үшін екі рет Қаулы шыққан. 

Бірінші Қаулыда үміткер “Қазақстан Республикасы сайлау туралы заңның 89 бабының 3-4 тармағы бойынша шеттетілген”.
Алайда Аятжан Ахметжанұлының айтуынша  бұл баптың мәслихатқа дым қатысы жоқ боп шықты. Бұл Мәжіліс депутатына кандидаттарға арналған бап. Бұл туралы үміткер өзінің фейсбук парақшасында егжей-тегжейлі жазады.
 
Үміткердің осы мәлімдемесінен кейін Астана қаласы мәслихат депутаттарына арналған N9 окугтік сайлау комиссиясынан хабарласып, “біздің хатшы сіздің қаулыны дайындағанда шатасып, мәжілістің заңына сап жіберіпті. Соны түзетіп мәслихат нормасына ауыстырып едік, қол қойып хаттамаңызды алып кетсеңіз” деп хабарласқан. Аятжан Ахметжанұлы: 
 
– Сіздер қалай шатасасыздар, сіздер тек мәслихат депутатын сайлауға арналған окургсіздер, мәжіліске дым қатыстарыңыз жоқ, – десе:
– Енді хаттама көп қой, шатасып кетіппіз, – дейді.)
– онда кандидат куәлігімді қалпына келтіріңдер, – десем, жоқ ол біздің қолымызда емес, – деген екен.
Орталық сайлау комиссиясының мақсаты оны қалай да Мәслихат сайлауынан шеттету болған ба, бір аптада Қаулыны екінші рет өзгертіп, бірінші берген қаулыда ҚР сайлау заңының 89 бап 3-4 тармағымен (Мәжіліс сайлауына арналған бап) шеттетсе, бұл жолы 104 баптың 1-6 тармағымен шеттетіпті. Ал, мемлекеттік кірістер департаменті алдыңғы жолы кредитіңді жасырдың десе, бұл жолы зяиткерлік меншігіңді жасырдың деп шүйліккен.
Ал, енді кандидаттардан талап етіп отырған 250 формаға келсек онда анық “зияткерлік меншік, авторлық құқықтардың болуы, оның ішінде Қазақстан республикасынан тыс жерлерде объектілердің болуы туралы” деп, шетелде тіркелген зияткерлік меншік туралы, қандай мемлекетте деп анық көрсетілген.
 
“Енді менде ешқандай шетелде тіркелген зяиткерлік меншік те, басқа да жоқ. Жалпы шетелде дымы жоқ адамбыз ғой.
Ал, шығармашылық адамы ретінде 10 нан астам оқу әдістемелік құралы, авторлық методикасы, бағдарламасы бар адам ретінде Қазақстан ішінде авторлық құқық бар. Бірақ, елдің ішіндегі зияткерлік меншікті көрсету туралы заңдық талап жоқ. Себебі, оны олар онсыз да көріп отыр. Айтпақшы, декларацияны тексеріп шешіп шығару уақыты 15 күн, бұлар менікін 20 күннен соң шығарды. Оған неге деген сөзіме кандидат көп деген жауап алдым. Сонда заң қайда?” деп жазады ол бұл туралы
 
 
Ал Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы былай деп жауап беріпті:

– Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңы 104-бабының 2-тармағына сәйкес кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерiндегі мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда ұсынады.                                                    

  Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидатты тiркеген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.        Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңы 104-бабы 6-1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталған жағдайда, кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

Бұған келіспеген Аятжан Ахметжанұлы сотқа жүгінген еді. Екі күн бұрын Астана қаласы аудан аралық әкімшілік соты арыз бойынша сот отырысын өткізді.  Нәтижесі бүгін шықты. Ұстаз бұл туралы өз Facebook парақшасында былай деп жазды:

Сонымен мерзімінен бұрын тарап кететін біздің парламент секілді, менің сайлау штабым да мерзімінен бұрын тарады.

Сот үкімі әрине мені емес, сайлау комиссиясының шешімін қанағаттандырды. Мәслихатқа кандидат ретінде тіркеуден бас тартты.

Екі күндік сот барысында байқағаным төрелікті мемлекеттік кірістер департаменті айтып отырды. Тіпті бүгін өздерінің құзіретінен шығып, сайлау комиссиясының шешімі дұрыс, ол кандидаттыққа толымсыз деп салды. Негізі оларда тек менің декларациямды тексеру ғана құзіреті бар, үкім айту емес.

Қош, сонымен бұл жолғы сайлауға қош айтыстық. Өкінішті әрине.

Басқасын айтпағанда ашуым келетіні кандидаттық куәлікті бермей тұрып, үгіт нәсихат басталмай тұрып бәрін тексеріп, шығарып тастаса тағы ренжімейсің ғой…

350 мың теңге жарна төлейсің, штаб құрып, плакаттар мен брашуралар шығарып, қаншама қаржы шашасың…

Қаншама қолдаушы жұрт, сайлаушы жұрт үміт күтеді.

Бір күн келеді де сіз кандидат емессіз дейді. Қандай сұрқиялық…

Сайлау комиссиясы кандидаттық куәлікті 12 ақпан береді, 3 наурыз жұма кешке 18:35 те қайтарып алатынын хабарлайды. Бұл не сандалту деген ой келеді де. Аман болсын!

Қош, сайлауға да басқасына да қолды бір сілтейік.

Ұлт үшін, ұрпақ үшін еңбегімізді ел көріп отыр, жалғастыра береміз!

Билікке керек болмасақ та, ұлтқа, жұртқа керек шығармыз…

Басты мақсат артымдағы Ахаң айтқан сөз ғой… ех…

Парақшамызға жазылыңыз

Айғаным Айтақын

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Ақын. Халықаралық, республикалық жыр мүшәйралардың жеңімпазы. Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университетіндегі журналистика мамандығының білімгері.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар