///

“Әйелдер әйелдерге”: 38 ерекше баланың анасы кәсіп ашуды тегін үйренеді

768 рет қаралды

 Өткен жылы Алматы қаласында бастау алған “Әйелдер әйелдерге” әлеуметтік жобасы 22 ерекше баланың анасына жеке кәсіп ашуға тегін көмектесіп, бүгін де республикалық деңгейге жетті.

Енді жоба тек Алматы қаласында емес, сонымен қатар Астана, Шымкент, Өскемен, Қостанай қалаларында да бой көтерді.

31 Қаңтар күні жобаның 2.0 ағынының басталуына орай арнайы іс-шара өткізілді. Тегін курстың екінші ағынында ҚР Іскер әйелдер қауымдастығы, “EDU Stream” халықаралық тіл академиясы, “MamaPro” қоғамдық қоры, “ICF-Kazakhstan” қоғамдық бірлестігі, ЕҚДБ мен ҚР Кәсіпкерлерінің “Атамекен” ұлттық палатасының көмегімен, 38 ана жеке кәсіп ашу бойынша бес ай бойы теория мен тәжірибеге сүйене отырып бірнеше этаптардан тұратын сабақ алады.

Әлеуметтік жоба ҚР Президенті жанындағы әйел ісі және отбасы-демографиялық саясатының ұлттық комиссиясының және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асады. Іс-шара барысында жоба ұйымдастырушылары, үміткерлерге түрлі мемлекеттік бағдарламаға қатысып, кәсіп ашуға арналған гранттарды ұтып алуға көмектесетін мемлекеттік органдардың қолдауы маңызды екенін атап өтті.

Жобаға қатысушыларды іріктеу, кәсіпкерлік қызметтің негізін оқыту және психологиялық қолдау “MamaPro” қоғамдық қорына жүктелген. Үш ай бойы менторлық қызмет көрсетуші – Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы, ЕҚДБ мен Кәсіпкерлердің “Атамекен” ұлттық палатасы. Заң жағынан кеңес, кәсіп иелерінен шеберлік сағатты ерекше баласы бар аналарға Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы және басқалар қамтамасыз етеді. Қатысушыларға арнайы коучинг қызметін “ICF-Kazakhstan” қоғамдық бірлестігінің коучтары үш pro-bono сессиясын жүргізу арқылы атқарады.

Соңғы сатыда мемлекеттік органдар пісіп жетіліп қалған болашақ кәсіп иелеріне кәсіп ашуды қолдайтын әлеуметтік мемлекеттік бағдарламаға қатысу мүмкіндігі жайлы кеңес береді. Ұйымдастырушылар ерекше баласы бар аналарға арналған тегін курс қорытындысын 2024 жылғы маусымда жариялауды жоспарлап отыр.

Жобада өткен жылмен салыстырғанда қандай өзгерістер енгізілді?

“Әйелдер әйелдерге” әлеуметтік жобасының өткен жылғы (2023) курсына “жеке кәсіп” бағыты бойынша 19 адам және “жұмыспен қамту” бағыты бойынша 3 адам қатысса, осы жылы (2024) 38 адам толықтай “жеке кәсіп” бағытын таңдап отыр.

Ал тәлімгерлер саны өткен жылы 9 болса, осы жылы 38 болып, айтарлықтай көбейген. Коучтар саны да 21-ден 36-ға дейін артқан. Қатысушылар мен тәлімгерлердің кездесуі бұрын 12 рет болса, енді 6 рет болмақ. Ал коучинг әдеттегідей әр қатысушы үшін 3 рет про-боно сессиясы арқылы өткізілмек.

Жобаның қорытынды нәтижесі ретінде қатысушылар пікірі, %

Алматы қаласының “Mama Pro” Қоғамдық қоры филиалының Директоры Әйгерім Ізбасарова курс жайында және қандай нәтижелер күтілетінін, сондай-ақ осыған дейінгі курста үздік нәтижеге жеткен аналар жайында айтып өтті.

“Mama Pro”-ның бірінші ағымында, қазақ тобында оқыған қатысушылардың бірі Бейбіт Қоңыратбай қалай мемлекеттік қайтарымсыз грантты ұтып, жеке кәсібін дөңгелеткені жайлы бөлісті.

Аудио-жазбаны тыңдау “Әйелдер әйелдерге: 2.0” курсына іліккен көпбалалы ана, бұл жобаға қалай келгенін және қандай нәтиже күтетінін айтты. 

Амина Темірханова, 

Алматы қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі