/

Астанада бокстан Әлем кубогінің кезеңі аяқталды

54 рет қаралды

Маусымның 30-ы мен шілденің 6-сы аралығында Астанада бокстан Әлем кубогінің кезеңі өтті. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен былғары қолғап шеберлерінің додасында 30 елден келген 300-ге жуық боксшы сынға түсті.


Жоғары деңгейлі жарыста ел құрамасы 16 салмақта жүлде тұғырынан көрінді. Енді жарыстың финалдық кезең 15-22 қараша күндері Үндістанда өтеді.

Астана шаршы алаңында жасында жарқылдаған ерлер құрамасы 5 алтын, 1 күміс, 2 қола еншілесе, әйелдер құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 2 қола қандығалады.

Жалпы жүлде кестесінде боксшылар көш бастады.

Қазақстан боксшылары барлығы 8 алтын, 4 күміс, 4 қола еншіледі. Екінші орындағы Бразилия 4, 2 күміс, 1 қола. Ал 3 алтын 5 күміс, 3 қола жеңіп алған Үндістан боксшылары үздік үштікті түйіндеді.

Түгелбай Бисен,

Фото: спортты дамыту дирекциясынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар