///

Қазақстанға қайту әзірге жоспарда жоқ: Чехиядағы отандасымыз

642 рет қаралды

Фото: freepik.com

Мектеп бітірген түлектеріміздің бір білігі еліміздің түрлі жоғары оқу орындарына түссе, ендігі бір бөлігі білім іздеп шетелге кетеді. Олардың басым бөлігі оқуын тәмамдаған соң қайтып келгенімен, шетелде қалып қоятын жастар да бар.

2021 жылы Қазақстан шетелде білім алып жатқан студенттер саны бойынша әлемнің топ-10 мемлекеті арасынан 9-орын алды. Educationfair.net сайты биылғы жылдың мамыр айында ұсынған ақпаратқа сәйкес, шетелде 91 860 отандасымыз білім алып жатыр.

Фото: t.me/anianalytics

Шетелде білім алып жатқан қазақтардың арасында 2023 жылы шетелге кеткен кейіпкеріміз – Асқар да бар. Ол қатарластарымен бірге мектеп бітіріп, Чехияға оқуға түсті. Айтуынша, бастапқыдан шетелдегі оқуды мақсат етіп, дайындалып, чех тілін меңгерген.

Шетелге оқуға жіберетін «Болашақ» бағдарламасымен оқығандардың ішінен 30 жылда 235 адам, яғни жалпы студенттердің 1,9 пайызы елге оралмаған. Бұл ақпаратты Kazinform 2024 жылы жазған материалында ұсынды. Ал соңғы уақытта шетелде оқып, қайтып келмегендердің жалпы саны жайлы ақпарат әзірге еш жерде көрсетілмеген. Алты жыл бұрын жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқуға кеткен отандастарымыздың 70 пайызы оқу бітіре сала оралады. Бұл жайлы Қазақстандағы және Ресейдегі білім беру орталықтарының директоры Максим Костюченка ICEF Monitor сайтына берген сұхбатында айтты.

Біздің кейіпкеріміз Асқар да 2 жылда оқуын аяқтайтынына қарамастан, Қазақстанға оралуды әзірге жоспарлап отырған жоқ. «Арасында отаныма келіп, сағынышымды басып, ары қарай жұмысымды шетелде жалғастырғым келеді», – дейді ол. Мұндай ойға келудегі себептердің бірі – мамандардың бағалануы екен:
«Мен қазір оқуыммен қатар жұмысымды да бірге алып жүрмін. Қазір мен істеп жүрген инженер қызметін Қазақстанда қарастыратын болсақ, жалақысы шамамен 250 мың теңге екен. Ал мұнда мен студент болып жүріп 2–3 есе көп тауып жүрмін. Дипломы бар мамандар одан да көп табады», – дейді кейіпкеріміз.

Бұл жайлы Cardiff University докторанты Бағлан Айдаров та 24.kz арнасына берген сұхбатында бұл мәселені көтерді. Ол айлық мәселесін лаборатория қызметкерлері мысалында жеткізді:

«Не себепті бізде жастар кетіп жатыр? Айлықтары шетелдік стандартқа сай келмейді. Мысалы, лабораторияда істейтін адамның айлығы 200–250 мың теңге. Ал шетелде сол лауазымда істесе, оның айлығы 10 есе көп».

Сонымен қатар, ол әлеуметтік жағдайды, тұрғын үй мен медицинаны көтеру керек екенін атап өтті.

Ақбота Абаева, 

СДУ студенті

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Желаяқтар қос қола иеленді

Бахрейннің Манамада қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңіл атлетика додасында 3000 метрге жүгіру сайысында