//

Оқу гранттары

981 рет қаралды

Shenzhen  алдыңғы қатарлы технологиялар институты (SIAT, Қытай)     (SIAT -Shenzhen Institute of Advanced Technology) магистратура мен аспирантурада оқуға, стажировка және студенттерді алмастыру бағдарламаларына қатысуға конкурс жариялайды. Келесі бағыттар қарастырылған: физикалық  химия, биохимия, молекулярлық биология, сигналдар мен информацияны өңдеу,  бейнелерді танып білу,  қолданбалы компьютерлік  технологиялар, инженерия, бақылау жүйелері және т.б.

Магистрлік бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлердің бакалавр дәрежесі, стажировкаға және студенттерді алмастыру бағдарламаларына қатысу үшін  бакалавр немесе одан да жоғары дәрежесі болуы керек, ал аспирантурада (PhD бағдарламасы) оқу үшін магистр дәрежесінің болуы шарт.

Барлығы 8 магистерлік және  2 аспиранттық стипендия ұсынылады.  Магистр бағдарламасы бойынша оқу ұзақтығы  2-3 жыл, аспирантурада оқу –  3-6 жыл. Оқу ағылшын тілінде жүргізіледі.

Бағдарламаға қатысу үшін өтініштер онлайн түрінде жыл бойы беріледі. Бағдарламада оқу уақытының басталуы әрбір адаммен жеке  келісіліп, SIAT әкімшілігімен анықталады.

Оқу жағдайы туралы толық ақпаратты және өтініш беру формаларын SIAT  сайтынан   таба аласыздар.  

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі