/

Болон университеті

1485 рет қаралды

Оқу гранттары туралы хабарландыруларымыздың тағы біреуіне назар аударыңыздар. Бұл жолы сіздер Италия оқу орындарындағы мүмкіншіліктер туралы біле аласыздар.

Болон университеті ( University of Bologna ) экономика, статистика, математика, физика, астрономия және гуманитарлық бағыттардағы мамандықтар бойынша маманданған  магистранттарды аспирантураға (Doctorate Programmes)  шақырады.   

Бұл бағдарламаға  магистратураны тәмамдаған жас мамандар қатыса алады. Магистрлық дипломды Италия жоғары оқу орындарынан алмасаңыз,  диплом, құжаттарыңызды ағылшын немесе итальян тіліне аударма жасатуыңыз қажет.  

 Университет ұсынған шәкіртақы саны  белгісіз, егер қосымша қаржыландыру  көзі табылса, шәкітақы саны көбеюі мүмкін.

Жылдық шәкіртақы көлемі  – 13.638,47  €.

Шәкіртақы ай сайын төленеді; шәкірақы иегері осымен бірге бір сәтте басқа да  ұлттық және халықаралық ұйымдар тарапынан қаржыландыру көздерін пайдалануға құқығы жоқ.   

Бұл бағдарламаға қатысушылар  Италиядағы басқа немесе шетелдік PhD курстарына қатысуына  болмайды. Аталған талап бұзылған жағдайда  бағдарламаға қатысушы үміткерлердің тізімінен шеттетіледі.

Бағдарламаға қатысу үшін өтініштеріңіз 2011жылдың 23 маусымына  дейін қабылданады.  

Қосымша ақпаратты жоғарыда көрсетілген университет сайтынан алуға болады.

Дайындағандар  Бақытгүл Салыхова,  Жаңылай Базарбаева

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі