Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде жаңа пәндер енгізіледі

40 рет қаралды

Фото: istockphoto.com

Tengri Education хабарлағандай, жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде бірнеше жаңа міндетті оқу пәндері мен курстары пайда болады.

Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлім еткендей, жаңа Конституцияны іске асыру аясында 5-7-сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәні, ал 8-11-сыныптарда «Заң және тәртіп» міндетті курсы оқытылады. Сонымен қатар 5-11-сыныптар үшін «Жеке қауіпсіздік» міндетті курсы енгізіледі.

Бұған қоса мектеп оқулықтарының мазмұны жаңартылып, 30 тамызға дейін 3 және 7-сыныптардың кітаптары толық жеткізілмек. Ал өзге сыныптардың оқулықтары 2027 жылдың сәуіріне дейін кезең-кезеңімен жаңартылады. Бастауыш сыныптарда оқу жүктемесі азайтылып, 1-сыныптар үшін бейімделу кезеңі енгізіледі.

Сондай-ақ орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологиялары енгізіле бастайды. Бірінші кезеңде бұл жоба 500 шағын жинақты мектепті қамтып, оқушылар мен мұғалімдерге заманауи цифрлық және зияткерлік құралдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар