//

Алматыда 86 жастағы Тохтар ата үйсіз қалды: оның алма бағын тартып алып, орнына тұрғын үйлер салып жатыр

83 рет қаралды

Алматылық Тохтар Аханов 86 жасында үйсіз, жерсіз қалып, енді әйелі мен мүгедек қызымен пәтер жалдауға мәжбүр.

1996 жылы 3,2 гектар жер мемлекеттен Тохтар атаға көпжылдық қызметі үшін жалға берілген.

Тохтар ата бұл жерде 15 жыл бойы апорт алмасын өсіріп, өнім жинап, «Алатау» шаруашылығынан алма тасып келді. 2011 жылы жалға алу мерзімін ұзартуға барса, жердің 9 жыл бұрын заңсыз сатылып кеткенін анықтайды. 

Отбасы өз құқықтарын сотта дәлелдеуге тырысты, бірақ бұл нәтижесіз болды. 

Іс Жоғарғы сотқа дейін жеткен, онда барлық алдыңғы процестердің құжаттары сұралған, бірақ Бостандық сотының құжаттары, туыстарының айтуынша, іс-түссіз жоғалып кеткен.

“Прокуратура сол кезде іс қозғады, кеңсе бастығы жұмыстан босатылды, бірақ іс қалпына келмеді. Іс жоқ жерде – шындық та жоқ”, – дейді зардап шегушінің қызы.

Тохтар атаның бағы ешқашан қоршауда болған емес. Бұрын кішкентай балалар алма ағаштарының арасында серуендеп жүретін.

Ал 2014 жылы үйдің жаңа иесі жылдар бойы өсіріп келген жүздеген алма ағаштарын толығымен кесіп тастады. Қазіргі таңда ол жерде тұрғын үйлер соғыла бастаған.

Қызының айтуынша Тохтар ата күнде таңғы 4-те оянып, бақтың жалға алу құжаттарын қайта қарайды.

дереккөз: Qumash

Тохтар атаның үміті – президент назарын аударту және әділеттілікті қайтару. Оның өз мақсатына жетуіне аз қалды. Президент әкiмшiлiгi оның қызына хабарласып, бақша орнындағы тұрғын үйлер құрылысы тоқтатылғанын мәлімдеді. 8 қазан күні ата отбасымен бірге Бостандық ауданы әкімдігінің өкілімен кездесіп, өз талаптарын жария етті. 

Қазір Тохтар ата биліктің әділ шешіміне үміт артып, ведомстводан жауап күтуде. 

Қолдау көрсетемін деушілерге.

Tik-tok парақшасы – сілтеме

Instagram парақшасы – сілтеме.

Қызының телефон нөмері – +77015535000 Айгерим И

Зарина Мардан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар