///

Милан–2026: Қазақстандықтар Олимпиадада гендерлік теңдікті сақтаған

51 рет қаралды

Фото: ҚР Спорт комитеті

Бірер аптадан кейін Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады. Қазіргі таңда іріктеу сындары толық аяқталып, әлемнің үздік спортшыларына Олимпиада жолдамалары үлестірілді. Төрт жылда бір өтетін дүбірлі додада Қазақстан құрамасы да ел намысын қорғауға дайын.

36 спортшы, тең мүмкіндік

Тәуелсіздік жылдарындағы тоғызыншы қысқы Олимпиадаға Қазақстан 36 спортшымен аттанбақ. Милан–2026 ойындарының басты ерекшелігі гендерлік теңдіктің сақталуы. Ұлттық құрама сапында 18 ер және 18 әйел спортшы бар. Бұл көрсеткіш Бейжің–2022 Олимпиадасымен салыстырғанда екі атлетке артық.

Қазақстандық спортшылар Олимпиада бағдарламасына енген 10 спорт түрі бойынша бақ сынайды. Айта кетерлігі, мәнерлеп сырғанаудан отандық спортшылар сегіз жылдық үзілістен кейін қысқы Олимпиадаға қатысу құқығына ие болды.

Тәжірибе мен үміт ұштасқан құрам

Қазақстан спортшылары қысқы Олимпиада тарихында бес жүлде еншілеген. Сондықтан тәжірибелі атлеттердің рөлі ерекше. Биыл фристайл-могулдан Пхёнчхан–2018 Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева бесінші рет төртжылдықтың басты додасына қатыспақ. Мұндай көрсеткіш шаңғышы Елена Володина-Антонова мен фристайлшы Дмитрий Рейхердке де тиесілі.

Шорт-тректен Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша қатарынан төртінші Олимпиадасына жолдама алды. Абзал Әжіғалиев Бейжің–2022 ойындарында 500 метр қашықтықта жүлдеден бір табан ғана қалып, төртінші орын алған еді. Ал Денис Никиша соңғы екі әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанып, жоғары деңгейдегі тұрақты нәтижесін дәлелдеді.

Сондай-ақ мәнерлеп сырғанаудан Бостонда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров пен фристайл-могулдан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Анастасия Городко да Олимпиада жүлдесіне үміткерлер қатарында.

Жаңа есімдер мен үлкен дебют

Милан Олимпиадасы көптеген жас спортшы үшін алғашқы үлкен сынақ болмақ. Құрамадағы 36 атлеттің 18-і Олимпиадаға алғаш рет қатысады. Ең жас спортшы – фристайл-акробатикада бақ сынайтын 16 жастағы Асан Асылхан. Оның еншісінде Азия ойындарының күміс жүлдесі бар, алайда Олимпиада деңгейіндегі дода спортшы мансабындағы ең ірі жарыс. Сонымен қатар шаңғышы Әмірғали Мұратбеков те өзінің алғашқы олимпиадасына барады.

Дебютанттар қатарында шаңғымен тұғырдан секіруден 2024 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерных та бар. Жас спортшылардың батыл қадамы мен тәжірибелі атлеттердің сенімді өнері Қазақстан құрамасына зор үміт сыйлайды.

Үміт пен жауапкершілік

XXV қысқы Олимпиада ойындары 6 ақпанда басталады. Милан мен Кортина-д’Ампеццо төрінде ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшылардың алдында үлкен жауапкершілік тұр. Гендерлік теңдік сақталған, тәжірибе мен жастық жігер үйлескен бұл құрамның өнері отандық жанкүйерлердің үмітін ақтайды деген сенім мол.

Түгелбай Бисен,

БҚО, Орал қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

36 спортшы бар, нешеуі ойда?

Италияда өтетін 2026 қысқы Олимпиадаға баратын Қазақстан командасының толық құрамы белгілі болды. Ол ақпарат ҚР туризм