//

Kaspi Bank-тің жыл сайынғы төлемі өсе ме? Банк мәлімдеме жасады

54 рет қаралды

Фото: pexels.com

Желіде соңғы күндері Kaspi Bank қолданушыларының жыл сайынғы төлемі өсетініне байланысты ақпарат тарап, қызу талқыланып жатыр. Алайда kaspi.kz әлеуметтік желіде осы мәселе жайында мәлімдеме жасап, өзгерістерді жоққа шығарды.  

Банк қызметіне қатысты ықтимал өзгерістер қоғам назарын аударып, қолданушылар арасында алаңдаушылық туғызды.

Әлеуметтік желілерде балалар картасының жылдық төлемі, картаны қайта шығару құны және басқа банктерге аударым комиссиясы өзгереді деген ақпарат тараған. Әсіресе жылдық қызмет көрсету ақысы 1 995 теңгеден 10 000 теңгеге дейін өседі деген қауесет желі қолданушыларының наразылығын туғызып, қызу пікірталасқа себеп болды.

«Егер бұл рас болса, біз отбасымызбен бұл банк қызметінен бас тартамыз», «Қолма-қол ақшаға қайта көшемін. Кезінде Kaspі банксіз өмір сүрдік, ары қарай да сүре аламыз», «Бұл банкті ары қарай қолданудың мағынасын көріп тұрған жоқпын» деген секілді жазбалар Threads желісінде жарияланды.

Дегенмен пікірлер тек теріс сипатта болған жоқ. Қолданушылардың бір бөлігі, керісінше, банктің қызметі мен мүмкіндіктерін атап өтіп, «Kaspi-дің қолайлы сервистері үшін мұндай ақы төлеуге дайынмын» деген пікір білдірді.

Kaspi Bank тараған ақпаратты жоққа шығарып, тарифтер мен қызмет көрсету шарттары өзгермегенін мәлімдеді.

Банктің әлеуметтік желідегі ресми хабарламасында:

«Бұған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шекті мәндер көрсетілген тарифтер туралы жаңартылған заңды құжаттың дұрыс түсіндірілмеуі негіз болған», – делінген.

Сондай-ақ компания қандай да бір өзгерістер енгізілсе, бұл туралы клиенттерге алдын ала және ашық хабарланатынын атап өтті.

Ақбота Абаева

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Заңгер Гүлмира Біржанова: Мемлекет БАҚ-ты қарсылас емес, серіктес әрі қоғаммен байланыстырушы құрал ретінде қабылдауы керек

сурет ашық дереккөзден алынды “Медиа қолдау” ұйымының жетекшісі, журналистер құқығын қорғаушы заңгер Гүлмира Біржанованың айтуынша, Қазақстандағы