///

Еуро-2012 екінші күні: Германияның жеңісі және Голландияның жеңілісі

829 рет қаралды
Футболдан Еуропа чемпионатының екінші күні Германия мен Данияның жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Sports.ru.

Еуро-2012 екінші күні В тобында турнирдегі алғашқы матчын өткізген Голландия 0:1 есебімен Даниядан ұтылып қалды – жеңіс голын Крон-Дели соқты. Германия да Марио Гоместің жалғыз голының арқасында Португалидан басым түсті.
Айта кету керек, Голландия құрамасы 1988 жылдан кейін Еуропа чемпионатының алғашқы ойынында алғаш рет жеңіліске ұшырап отыр.
Жиырма төрт жыл бұрын голландықтар 0:1 есебімен КСРО футболшыларына есе жіберген болатын, алайда бұл олардың чемпион болуына кедергі келтірген жоқ, деп хабарлады Infostrada.
Бейне YouTube-тегі Еуро-2012 ресми арнасы мен Спорт-1 телеарнасынан алынды

Дереккөз: bnews.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі