///

Ақорда: биліктегі ауыс-түйістер

2631 рет қаралды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ерболат Досаев ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

***

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Е.А.Досаевты Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметіне тағайындау туралы” Жарлығы

Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының

              Президенті                                                                           Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 16 қаңтар

№ 468

*                              *                                 *

Мемлекет басшысының Өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

*                              *                                 *

Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Талғат  Амангелдіұлы  Ермегияев  «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды», –  делінген Өкімде.

*                              *                                 *

Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Мыңбай ҚР Ұлттық мұражайының директоры қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Қамзабекұлы Мыңбай Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры қызметіне тағайындалды, делінген мәтінде.

*                              *                                 *

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Тәжин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Twitter-де хабарлады.

*                              *                                 *

Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚР Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «М.А.Құл-Мұхаммедті Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындау туралы” Жарлығы

Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының

              Президенті                                                                                               Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 16 қаңтар

№ 471

inform.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,