///

Бейсен Құранбек: Жылдар бойы көрермен жоғалтпай ұстап тұру – қиынның қиыны (ВИДЕО)

1515 рет қаралды

beisen

Ұлттық арнаның «Айтуға оңай…» бағдарламасының жүргізушісі, белгілі журналист Бейсен Құранбек «Бүгін жексенбіге» сұхбат берді.

Бейсен Құранбек телеарналар мен басылымдарға сұхбат беруге жиі келіспейді. Бұл – ұстаным ба, әлде өзге де себептері бар ма?

 «Айтуға оңайдың» эфирге шыққанына 5 жыл болды. Бағдарлама осы бағытта қала ма әлде өзгерістер бола ма?

«Күнделікті ұсынылатын хабарды бір жыл үзбей шығарудың өзі қиын. Ал, бес жыл бойы тақырып тауып, көрермен жоғалтпай ұстап тұру – қиынның қиыны. Доғарайық деп жылда айтамын. Елдің тілегі мен ниеті, басшылықтың сұрауы болар, тоқтамай келе жатыр. Бірақ, әр нәрсенің өз уақыты бар. Біздің қоғамдағы тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерді ортақ қазанға салып қайнатып отыратын бәрібір бір ток-шоу керек», дейді журналист.

Белгілі тележүргізуші сондай-ақ, отбасы, қызмет, қыз бала тәрбиесі туралы пікірлерімен бөлісті.

«Адам өмірінде тепе-теңдік болғаны дұрыс. Отбасын да, қызметті де қатар алып жүру керек. Басыңмен жұмысқа кіріп алу да – қателік. Бұрынғыдай емес, қазір демалысқа уақыт табуға тырысып жүрмін.

Ал, қыз бала тәрбиесіне келсек, олардың білімді, тәрбиелі, ақылды болғаны дұрыс. Бірақ, мұның бәрі отбасынан жоғары тұрмауы керек», дейді.

Қоғамға белгілі тұлға үлкен қызметтерден неге бас тартты?

Сұхбаттың толық нұсқасынан біліңіз.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі