///

Пандемия кезіндегі сатып алулар

1599 рет қаралды

Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгелі тура бір ай. Осы уақыт аралығында ел қазынасынан қанша қаржы жұмсалды. Қаржы нақты қандай мақсатқа арналды. Біз оқырмандарымызды осы жайында хабардар етуді жөн көріп отырмыз.

2,3 миллиард теңге өкпеге ауа жіберу аппараты алынды

Zertteu Research Institute қоғамдық қорының мәліметтеріне сүйенсек, төтенше жағдай жарияланған сәуір айында мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы бірнеше ірі сатып алулар жүзеге асқан. 

Мәселен, Қазақстанда 2,3 млрд теңгеге 143 өкпеге ауа жіберу аппараты сатып алынған.

ШҚО ауруханалары 50 ӨАЖ аппаратын алған. Аппараттарды бір орталық емес, әр деңгейдегі ауруханалар өзі сатып алған. 850 млн теңгеге барлығы 29 келісім-шарт жасалған. Өнім беруші – “Медико-инновационные Технологии” ЖШС.

Қалған аймақтарда бір орталықтан сатып алған: 

1. Қостанай облыстық ауруханасы 720 млн теңгеге 40 аппарат алған. Өнім беруші – “QazMed Leasing” ЖШС; 

2. Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасы 399,7 млн теңгеге 36 аппарат алған. Өнім беруші – “Қасиет- Фарм” ЖШС; 

3. Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы “SanMed Plus” ЖШС 125 млн теңгеге 10 аппарат алған; 

4. Қалалық көпсалалы аурухана (СҚО) барлығы 7 аппарат алған. Оның 5 “QazMed Leasing” ЖШС 125 млн теңгеге, ал қалған 2 аппаратты 38 млн теңгеге” ZEN INVEST” ЖШС алған.


14-15 сәуір күндері Павлодар облысының ауруханалары 20 ӨАЖ (өкпеге ауа жіберу) аппаратын сатып алған.

⭕️ Павлодар қаласының №1 ауруханасы – 5 аппарат;

⭕️ Г.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы – 5 аппарат;

⭕️ Павлодар қаласының №3 ауруханасы – 4 аппарат;

⭕️ Ақсу қалалық ауруханасы – 3 аппарат;

⭕️ Екібастұз қалалық ауруханасы – 3 аппарат;

Барлық аурухана бірдей аппарат сатып алған. Өнім берушісі де бірдей – “Жаңамед-ПВ” ЖШС. 

Бір аппараттың бағасы 23 млн теңге. Алған аппараттардың жалпы сомасы – 460 млн теңге. 

Павлодардың үш ауруханасына аппарат жеткізу мерзімі 60 күн. Екеуіне – 60-90 күн арасы.

414,6 миллион теңгеге медициналық автокөлік сатып алынды

Ал, 3 сәуірде Қостанай облыстық ауруханасы медициналық жедел жәрдем көлігін 5,9 млн теңгеге сатып алған. Орындаушы “СарыарқаАвтоПром” ЖШС. ТЖ кезінде Қостанай облысында сатып алынған медициналық автокөліктердің жалпы сомасы – 414,6 млн теңге

Тапсырыс берушілер – Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты ауруханалар. 

70 арнайы медициналық автокөлік. Өндіруші мен маркалары бірдей. 

Барлық автокөлік бір ғана өнім беруші – «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-дан, тікелей келісім-шарт арқылы бір көзден сатып алынған. 

Бағалары 5,9 және 6,1 млн теңге. Өнім берушімен келісім-шарттар 02.04.2020 – 03.04.2020 ж. жасалған.

Гүл сатушы компания порталға тіркелген екінші күні жеңімпаз атанған

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасы 3 сәуірге дейін Басқарма коронавирус жұқтырған науқастарды оқшаулау мен тасымалдауға арналған арнайы Микробиологиялық қауіпсіздік боксын сатып алған. Өнім беруші – “Nyris” ЖШС. Бір бокстың бағасы 3 020 000 теңге. Барлығы 3 данасына тапсырыс берген. Жалпы сомасы – 9 060 000 теңге. 

Техникалық сипаттамасына қарасақ, бокс мынадай шарттарға сай келуі керек: Науқастың жағдайын біліп отыру үшін қарайтын тесігі болуы керек. Жинақта 1 дана изолятор, 2 – түтікше, 1 – аккумулятор мен қуаттандырушы құрал, 1 – желдеткіш, 4 комплект (16 дана) – фильтрация элементі болуы керек.
Дереккөз: goszakup.gov.kz/ru/egzcontract/cpublic/units/9937656

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасы бүгінге дейін коронавирусқа қарсы шараларға 159 687 000 теңгенің тауарын сатып алған. 

Бұл сатып алу шараларының бәрі тікелей келісім-шарт арқылы алу тәсілімен өткен. 

Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасы 8 сәуірде гүл шоқтарын сататын компаниямен  бір реттік бетперде сатып алу туралы келісім-шарт жасасқан. Барлығы 4000 дана бетперде алынады. Әр бетперде бағасы 1350 теңге. Бетперделердің жалпы сомасы – 5,4 млн теңге. Техникалық сипаттамасына сәйкес бетперделер FFP1 қорғаныс деңгейіне сай болуы керек. 

Бұл сатып алу Тікелей келісім-шарт жасау арқылы бір көзден алу тәсілімен өткен. Өнім беруші ретінде “ZakazBuketov.KZ Astana” ЖШС таңдалған. Бұл компания Мемлекеттік сатып алу порталында 6 cәуірде тіркелген. Тіркелгеннен 2 күннен кейін алғашқы сатып алу келісім-шартын Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасымен жасаған. Бұл компанияның қазірге дейін жалғыз келісім-шарты. 

Осы компаниямен аттас сайт жұмыс істейді. Сайттағы мәліметтерге сүйенсек, бұл сайт та “ZakazBuketov.KZ Astana” ЖШС тиесілі (компания сайты – astana.zakazbuketov.kz/about/contacts/). 

МСА порталы мен сайтта көрсетілген басшысының аты-жөнімен толық сәйкес келеді. Тіркелген мекен-жайы да бірдей: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 27. Компания негізінен гүл шоқтарын жасау, жеткізумен айналысады. Медицина саласы, бетперделер өндірісі саласына қатысы жоқ. 

Бетперде сатып алу туралы дереккөз: goszakup.gov.kz/ru/egzcontract/cpublic/units/9963959

Басқа да сатып алулар 

«Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ТЖ кезінде 502 млн теңгеге азық-түлік сатып алған. 

Олар – бидай ұны, күнбағыс майы, макарон өнімдері және күріш. 

Макарон өнімдері бойынша өнім беруші «Корона TRADE» ЖШС-мен екі рет келісім-шарт жасалған. Ал көп көлемде күнбағыс майын жеткізуші “Промбаза – 7” ЖШС бұрыннегізінен сұйылтылған мұнай газын жеткізумен айналысқан. 

Азық-түліктен бөлек 200 теңгеге 1000 дана бетперде, 60 мың теңгеге – дезинфекцияқұралын және бетперде, 57,мың теңгеге – дозатор сатып алған.

«Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жалғыз акционері – Қостанайоблысының әкімдігі

Дереккөз: https://goszakup.gov.kz/

«Каспий ӘКК» АҚ Төтенше жағдай уақытында Мемлекеттік сатып алу порталы арқылыбарлығы 565 792 998 теңгеге 10 түрлі азық-түлік сатып алған. 

Барлық тауар бойынша 1-10 сәуір аралығында тікелей бір көзден алу тәсілімен келісім-шарт жасалған. Барлық өнім берушінің 7-і МСА порталында алғаш рет келісім-шартжасаған және оның бәрі «Каспий ӘКК» акционерлік қоғамымен жасалған. 

Ал өнім беруші «ИП Ануарбек» Алматы қаласында тіркелген. Бұған дейін МСАпорталында бір ғана келісім-шарт жасаған. Ол 2017 жылы “Өскемен арнайы әлеуметтікқызмет көрсету орталығы” КМК-ге линолеум, яғни құрылыс материалын жеткізген. 

Биыл «Каспий ӘКК» АҚ екі келісім-шарт жасаған. 3 сәуірде келісім-шартқа сәйкес 180 тоннаөсімдік майын жеткізуі тиіс. Ал 10 сәуірдегі келісім-шарт бойынша тағы 75 тонна өсімдік майынжеткізеді. Барлығы 255 тонна. 

Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының Мерке аудандық орталықауруханасы 10 сәуір күні 600 комплект арнайы «Обаға қарсы костюм» сатып алуғакелісім-шарт жасаған. 

Бұл осы аурухананың пандемияға байланысты ТЖ енгізілгеннен кейін дайындық шараларына өткізген алғашқы сатып алуы. 

Техникалық сипаттамасына сәйкес бұл комплектте мына жабдықтар болуы керек: обаға қарсы комбинезон, материал қаттылығы 65 (1 мм/кубқа – 65 грамм) капюшонымен. 50 өлшемінен – 200, 52 өлшемі – 200, 54 өлшемі – 200 дана. Қорғанысы бар көзілдірік – 600 дана, маска респиратор – 600 шт, резіңке қолғаптар – 2 жұптан, терең бахилдер – 2 жұп, бір реттік салфеткалар.

Осы сипаттамаға сай костюмнің әр данасы 6700 теңгеден алған. 600 дана комплект – 4 020 000 теңге. Бұл сатып алу тікелей келісім-шарт арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен өткен. 

Өнім беруші ретінде «ЖК Хасенова Лаззат Акимжановна» таңдалған. Бұл өнім беруші осыған дейін мемлекеттік сатып алу порталында 5 келісім-шарт жасаған. Оның үшеуі медицина мекемелеріне қатысты болса, соның екеуі медицина мекемелеріне эпидемияға қарсы киім жинағы, біреуі канцелярия тауары (тіркеу журналы). Ал қалған екі келісім-шарт автомобильдің бөлшегі мен электр желілеріне арналған темір-бетон тірегі. 

Арнайы костюмдер туралы дереккөз: https://www.goszakup.gov.kz/…/egzcontr…/cpublic/show/9978609

дереккөз: Zertteu Research Institute

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі