//

Жемқорларды аулау басталды

2598 рет қаралды
фото: www.123rf.com

«Қазинформ» ақпарат агенттігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің барлық аймақтағы медтехниканы сатып алу кезіндегі ақша жымқыру әрекеттерін тексеруді бастағанын жазады. Бұл туралы аталған агенттіктің Парасат департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы мәлім еткен:

«Барлық аймақтың медтехниканы сатып алу кезіндегі ақша жымқыру әрекеттері тексеріле бастады. Соның ішінде өкпені жасанды желдету аппараттарының (ИВЛ) сатып алу мәселелері назарға алынбақ. Мәселен, Қызылорда облысында денсаулық сақтау басқармасының екі орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Олар бір ИВЛ аппаратын  17,4 млн теңгеге сатып алған. Бұл «СК-Фармация» ЖШС ұсынған бағадан үш есеге артық» деген  ол.

Жақында www.minber.kz сайты Павлодар облысында бір ИВЛ аппаратын 26 миллион теңгеге сатып алуға келісім шарт жасағанын жазған еді. Келісім шарт әлі күшінде, оны мына сілтемеден көруге болады.

Сонда Қызылордадан бақандай 10 миллион теңгеге артық бұл сатып алу тексерілмей ме екен?

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі