/

Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

2879 рет қаралды
Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы берілді. 

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы:
  1. Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлына, мәдениеттанушы – “Абыз Әбіш” зерттеуі үшін;
  2. Ақсұңқар Серікке, ақын – “Көкейімде Күлтегіннің жазуы” өлеңдер жинағы үшін;
  3. Есім Ғарифоллаға, жазушы – “Ғұлама-наме” трилогиясы үшін;
  4. Жолдасбеков Мырзатайға, әдебиеттанушы – “Ұлы Дала әдебиеті” тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін;
  5. Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлына, ақын – “Достояние души” өлеңдер жинағы үшін;
  6. Мұқанова Роза Қажығалымқызына, драматург – “Сарра” драматургиялық шығармалар жинағы үшін;
  7. Нұрмағанбетов Тынымбай Нұрмағанбетұлына, жазушы – “Періштелердің өлімі” прозалық шығармалар жинағы үшін берілсін.
  1. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                               Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 7 желтоқсан

№ 466

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Бақытбек Бәмішұлы: Сараман жолы

Сараман жолы Алматыда Ұлттық кітапханада академик Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Сараман жолы» атты “Атамұра” баспасынан жарық көрген (Президенті