//

Ресейлік БАҚ депутат Никита Шаталовтың этникалық тегіне орай сынға ұшырағанын жазды

2143 рет қаралды
1
Фото: Никита Шаталовтың facebook парақшасынан 

Ресейлік ақпарат құралдары, соның ішінде RBC, Gazeta.ru, Lenta.ru, Rambler новости, Қазақстан Мәжілісінің депутаты Никита Шаталовтың әлеуметтік желілерде сынға ұшырағаны туралы хабарлауда. Олардың жазуынша, депутатқа қарсы айтылып жатқан пікірлер оның этникалық орыс болғанымен байланысты. 

Скриншот: rbc.ru 

RBK-дан үзінді: Қазақстан Мәжілісінің депутаты, билеуші «Аманат» партиясының өкілі Никита Шаталов қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан сынға ұшырағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шабуылдар тек оның этникалық шығу тегіне байланысты. Бұл туралы ол Мәжіліс дәлізінде журналистерге сұхбат берген кезде айтты. 

“Өкінішке қарай, мен бұл сындардың (әлеуметтік желілердегі сыни пікірлер – РБК) тек менің этникалық орыс екеніме байланысты болып жатқанын мойындауға мәжбүрмін. Басқа ешқандай себеп жоқ”, – деді Шаталов. 

Сонымен қатар, ол әрдайым, әсіресе сыртқы саясат мәселелерінде сөйлеген кезде, Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғайтынын атап өтті. Депутаттың айтуынша, кейбір адамдар оның сөздерін бұрмалап, өзі айтпаған немесе жазбаған цитаталарды таратып, ақпаратты манипуляциялап отыр. 

Ақпан айының ортасында Шаталов өзінің Telegram-каналында Украина билігін Каспий құбыр консорциумына жасалған дрон шабуылы үшін сынға алған болатын. Ол бұл әрекет Қазақстанның экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіргенін және Украина тарапын жауапқа тарту қажет екенін атап өтті. Депутаттың айтуынша, консорциум арқылы өтетін мұнайдың 90%-ы Қазақстанға тиесілі. 

Бұдан бөлек, Шаталов Украина президенті Владимир Зеленскийдің АҚШ президенті Дональд Трамппен Ақ үйдегі кездесуіне қатысты сын айтты. Оның пікірінше, Ресей Украинаның шығысында бейбітшілік орнату мәселесінде бастапқыда әлдеқайда икемділік танытқан. 

Амина Темірханова

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Үндемей отырғаны жөн еді. Артын ашып алған екен.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар