/

Қазақша блогтардың даму қарқыны

547 рет қаралды

2010 жылдың шілде-желтоқсанында kk.wordpress.com жүйесінде 114 блог тіркелсе, 2011 жылдың қаңтар мен сәуір айы аралығында  барлығы 107 блог тіркелген.

Ескерту: Төмендегі мәліметтердің барлығы тек қана kk.wordpress.com-дағы блогтарға ғана қатысты.

Кестеде kk.wordpress.com-да 2011 жылдың қаңтар-сәуір айларында тіркелген қазақша блогтардың дамуына қатысты мәліметтер көрсетілген.

kk.wordpress.com жүйесіндегі қазақ тілінде тіркелген блогтар 2011 жылдың наурыз айында күшейіп, сәуірде төмендей бастағаны анықталды.

Әйткенмен тұтастай алғанда қазақша блогтардың даму қарқыны өсіп келеді. Суреттегі көк түспен боялған кеңістік блогосфераның ауқымын көрсетсе, қызыл түсті кеңістік блогосфераның белсенді емес немесе тұралап тұрған бөлігін сипаттайды.

Есептеу барысында 2011 жылғы қаңтардан бастап тіркелген блогтардың санына өткен ай мен соңғы айдың арасындағы блог санының айырмасы қосылып, жаңаланбаған немесе жабылған блогтар саны алынып тасталды.

Қазіргі кезде қазақ тіліндегі блогтардың белсенділігі сонымен қатар kerekinfo.kz сайтынан да байқалып отыр.

Әзірлеген Асхат Еркімбай, “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының жаңа медианы зерттеу тобы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,