//

Азия чемпионатының алтыны қоржынға түсті

76 рет қаралды

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Ол хабарды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі таратты.

Алтын жүлдені жұптасып байдарка есу сынында жарысқан Ольга Шмелёва мен Ирина Подойникова жеңіп алды.
Олар 500 метрде алдына жан салмады.

Тәжірибелі Ольга мен Ирина ұзақ жылдан бері ұлттық құрама сапында жүр. Азия чемпионаттарында бірнеше мәрте чемпион атанған.
Одан бөлек Азия чемпионатында Бекарыс Раматулла күміс, Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды.
Алдымен жарыс жолына шыққан Бекарыс Раматулла 500 метрге байдаркамен жарысқан спортшылар сынында екінші орынға ие болды.
Одан соң каноэде 500 метрге ескек ескен Қазақстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

Қоржынға қола салған құрама сапында Сергей Емельянов, Руфина Искакова, Тимофей Емельянов пен Маргарита Торлопова болды.

Мұнда Вьетнам құрамасы чемпион атанса, Қытай күміс жүлдеге қол жеткізді.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар