/

Qazaqstan barysy Grand Slam әлемдік турнирі: әзірге алтын жоқ

70 рет қаралды

Астанада дзюдодан өтіп жатқан Qazaqstan barysy Grand Slam әлемдік турнирінің екінші күні аяқталды.
Бұл күні ерлер 73, 81, әйелдер 63 және 70 келіде кім мықтыны анықтады.

Өкіншке орай бұл күні татамиге шыққан палуандарымыздың біразы жарысты ерте аяқтады.

Тек 81 келідегі Абылайхан Жұбаназар ғана жартылай финалға дейін жетті. Бірақ ақтық сын алдындағы белдесуінде ол оңтүстік кореялық Ли Джунхваннан ұтылып қалды.

Ал ширек финалда 73 келідегі Бақытжан Абдурахманов пен Есет Қуанов және 81 келідегі тағы бір палуанымыз Жалғас Қайролла жеңілді. Бұл үшеуінің арасынан жалғыз Есет қола үшін таласуға мүмкіндік алды.
Ал әйелдер арасында Олимпиада қатысушысы Эсмигуль Куюлова (63 кг) алғашқы белдесуді жеңіп, 1/8 финалда моңғолиялық балуанға жеңілді.

Басқа қыздар алғашқы айналымнан аса алмады.
Астана татамиіндегі екінші жарыс күні алғашқы жүлдені Есет Қуанов салды. Отандасымыз кіші финалды грузин Михейли Бахбахшвилиден басым түсті.
Ал жартылай финалда сүрінген Абылайхан қола жүлде үшін өткен шешуші белдесуде италиялық Мануэль Парлатиді 29 секундта жеңіп, ел қоржынына алтыншы медальді салды.

Естеріңізге сала кетейік жарыстың бірінші күні Қазақстан сапынан Ғұсман Қырғызбаев пен Талғат Орынбасар күміс жүлдегер атанса, Аман Бақытжан мен Мағжан Шамшадин қола медаль еншіледі. Енді олардың қатарына Есет Қуанов пен Абылайхан Жұбаназар қосылды.

Түгелбай Бисен
Фото: Сали Сабиров

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар