Қытайдың Чэнду қаласында өткен XII Дүниежүзілік ойындарында джиу-джитсу шеберлері кезекті медаль жиынтығын сарапқа салды.
77 келіде сынға түскен Нұрсұлтан Дүйсенқұлов финалға алқынбай жетті. Өкінішке қарай, тартысты өткен ақтық бәсекеде жерлесіміз Дания спортшысы Лукас Андерсенге 11:15 есебімен жол берді.

Нұрсұлтан топтық кезеңде Лукас Андерсен, Йоро Янник Ефрем, Зоузоуа Перси Кунса секілді спортшыларды қапы қалдырды.
Бұған дейін джиу-джитсудан 69 келіде Жәнібек Әбу-Бәкір чемпион атанса, 62 келідегі Аслан Қанатбек қола жүлде алған болатын.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз