Фото: ФК «Қайрат»
Біздің басты мақсатымыз қарсыластың осал тұсын тиімді пайдалану Р.Уразбахтин «Қайрат» ФК бас бапкері Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 2-турында Алматыдағы «Орталық» стадионда «Қайрат» әйгілі «Реал» клубын қабылдайды. Бүгін өткен матчалды баспасөз мәслихатында алматылық клубтың бас бапкері қарсыластан қаймықпайтынын білдірді.
- «Реалдай» мықты ұжымның осал тұсын табу кез келген команда үшін оңай емес. Барымызша талдау жүргіздік. Қажеттісін тауып алдық. Қарсыласқа қарсы қалай ойнау кректігін, олардың қандай кемшілігін өз пайдамызға асыруға болатынын ойластырдық. Кемшілік кез келген командада болатынын ескерткім келеді. Бірақ ең маңыздысы қарсыластың осал тұсын өз пайдаңа жарата білу. Біздің мәселеміз де сол… Барлығын ертеңгі ойында көресіздер, – деді Р. Уразбахтин.
Естеріңізге сала кетейік «Қайрат» ЧЛ 1-турында «Спортингтен» 1:4 есебімен ұтылды.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз