/

Бахрейнде ІІІ жасөспірімдер Азия ойындары басталды

80 рет қаралды

Жас спортшылар Азиадасының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын боксшы Рүстембек Мұхамедәли мен жеңіл атлет Юлия Демкина ұстап шықты.

III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына 45 елден шамамен 3000 спортшы қатысып жатыр.

Қазақстандықтар 21 спорт түрінен сынға түседі. Құрамаға 303 адам енді, оның ішінде 220 спортшы мен 51 жаттықтырушы бар.


Сонымен қатар ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин мен Олимпиада чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері әрі бапкер Ермахан Ибраимов қатысты.

Түгелбай Бисен,

Фото: Сали Сабиров и Арлан Олжабай

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар