Азиаданың сегізінші алтыны

423 рет қаралды

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Ол диск лақтыру сайысында жеңімпаз атанды. Сажнев ең үздік 63.23 метр нәтижесін көрсетті.

Бұл көрсеткіш жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жаңа рекорды болды. Бұған дейінгі үздік нәтиже 62.03 метр еді.

Күміс жүлдені қытайлық Цзянес Куньчуань иеленсе (62.40 метр), қола медаль ирандық Реза Самимишаламзариге бұйырды (53.86 метр).

Түгелбай Бисен

Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар