/

XXV жазғы Сурдлимпиада ел спортшылары 25 медаль жеңіп алды

29 рет қаралды

Жапония астанасы Токиода өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының аяқталды. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы 8 алтын, 4 күміс және 13 қола медаль иеленіп, 81 ел қатысқан жаһандық жарысты 9-шы орынмен аяқтады.


Токио метрополитен гимназиясында өткен Сурдлимпиада ойындарының салтанатты жабылу салтанатына Жапония елінің ханшайымы Како Аксино, Токио қаласының мэрі Юрико Коикэ және халықаралық Сурдлимпиада комитетінің президенті Адам Коса қатысты.
Командалардың шеруінде еліміздің көк байрағын жеңіл атлетикадан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері Нұрсұлтан Кульдеев пен жүзуден ұлттық құрама спортшысы Мария Сотникова алып шықты.
Салтанатты рәсім барысында Халықаралық Сурдлимпиада комитетінің президенті Адам Коса ойындардың аяқталғанын хабарлап, спортшыларға алғысын білдірді.


Төрт жылда бір ұйымдастырылатын есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы ең беделді халықаралық жарыс қарашаның 15-і мен 26 аралығында өтті. Додаға 81 елден қатысқан 3000-ға жуық спортшы 21 спорт түрінен 209 дисциплинада бақ сынады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында болған 78 спортшы 8 спорт түрінен сынға түсті.


Биылғы Сурдлимпиадада Қазақстан елінің сурдо дзюдошылары үшін сәтті болды.

Татамиге шыққан сурдо палуандар 11 медаль жеңіп алды. Оның 5-еуі алтын, 2-еуі күміс және 4-еуі қола.
Еркін күресте бақ сынаған қазақстандықтар 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль олжаланса, грек-рим күресінің палуандары қоржынына 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде салды.
Жеңіл атлетикада Қазақстан спортшылары 1 алтын және 1 қола медаль еншіледі. Ал Фаина Мейрманова биіктікке секіру сайысында 1,79 метр нәтижемен Сурдлимпиада рекордын жаңартты. Таеквондошылар керуги дисциплинасында 3 қола жүлде иеленсе, үстел теннисінен ерлер құрамасы командалық сында қола медальға қол жеткізді.
– Елімізде сурдлимпиадалық спорт түрлері қарқынды дамып, спортшыларымыз халықаралық ареналарда жаңа биіктерді бағындыруда. Мәселен, 2022 жылы Бразилияда өткен Сурдлимпиада ойындарында ұлттық құрама 4 алтын, 7 күміс және 18 қола медальмен жалпы есепте 13-орынға тұрақтаған болса, биыл 8 алтын, 4 күміс және 13 қола медальмен 9-орынмен жарысты қорытындылады.

Бұл – мүгедектігі бар тұлғалар спортын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың және мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған тұрақты қолдаудың нақты нәтижесі. Алдағы уақытта да спортшылардың әлеуетін арттыруға және жоғары жетістіктерге жетуіне жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырамыз, – деді Токиодағы тілшілерге берген сұхбатында ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев.

Түгелбай Бисен,

Фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

GGG әлемдік бокстың жаңа басшысы

Фото: worldboxing.org/news Даңқты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлемдік спорт тарихындағы айтулы оқиғаның кейіпкеріне айналды. Римде өткен

Токиодағы тарихи жеңіс

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан жазғы Сурдолимпиадалық ойындар Қазақстан спорт жанкүйерлері үшін ерекше қуаныш пен мақтанышқа