//

Софья Берульцева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

537 рет қаралды

Каратэден ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева Мысыр астанасы Каир қаласында өтіп жатқан жекелей сындағы әлем чемпионатында 2-орын иеленді.

Бұл ақпаратпен ҚР Туризм және және министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі бөлісті.
+68 келі салмақта финалға дейін жеткен отандасымыз ақтық сында Германия спортшысы Йоханна Колено Книрге есе жіберді.
Десе де Софья қазақ спорты тарихындағы ең табысты каратэ шеберінің бірі. Осы кезге дейін Берульцева жастар арасындағы Азия чемпионы, (2016 ж), жастар арасындағы әлем чемпионы (2017 ж), Азия чемпионатының (2019 ж) күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасының (2021 ж) қола жүлдегері атанды. Одан бөлек Дүниежүзілік ойындарда (2022 ж), Ислам Ынтымақтастығы ойындарында (2022 ж), Жазғы Азия ойындарында (2023 ж), Азия чемпионатында (2025 ж) алтын жүлде жеңіп алды.
Жалпы Қазақстан командасы Мысырдағы бәсекені 1 күміс, 2 қола медальмен аяқтады. Бір қола медалді 61 келідегі Әсел Қанай жеңіп алса, тағы бір қол жүлде Дидар Әмірәліге бұйырды. Айта кетейік 27-ші әлем чемпионатында Ұлттық құрама сапында кумите бағдарламасында 8 спортшы (4 ер, 4 әйел) сынға түсті.

Түгелбай Бисен
Фото: Халықаралық каратэ федерациясынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

36 спортшы бар, нешеуі ойда?

Италияда өтетін 2026 қысқы Олимпиадаға баратын Қазақстан командасының толық құрамы белгілі болды. Ол ақпарат ҚР туризм