Кенияның Найроби қаласында таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында Әлем чемпионаты аяқталды.
Балта аяқты, балта жұдырықты спортшылар сынының соңғы күні 87 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған
қазақстандық таэквондошы Батырхан Төлеуғали әлем чемпионы атанды.
Ол финалда ирандық Мохаммед Ализадені жеңді.
Батырхан осы Әлем чемпионанда төрт кездесу өткізді. Іріктеу кезеңінде Грекия спортшысын, ширек финалда аустралиялық Стюарт Джобты, ал жартылай финалда Владислав Будинді (AIN) айқын басымдықпен ұтты.
Осылайша, таеквондодан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатын екі алтын, бір қола жүлдемен аяқтады.
Осыған дейін Бейбарыс Қаблан (+87 кг) жеңімпаз атанса, Тамерлан Тілеулес (-63 кг) қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Мұндай көрсеткіш осыған дейін Қазақстан таеквондо (WT) тарихында тіркелмеген.
Кенияда өткен Әлем чемпионатында 75 елден 500-ге жуық даянг шебері өзара бақ сынады.
Түгелбай Бисен
Фото: Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы
