///

Қарағандыда әуесқой хоккейші матч алдында мұз айдынында көз жұмды

49 рет қаралды
Hockey puck on ice at stadium. 3D rendered illustration.

Фото: istockphoto.com

Қарағанды қаласында өткен әуесқой хоккей матчында қайғылы оқиға болды. Ойыншылардың бірі мұз айдынында кенеттен көз жұмды. Апат туралы ақпарат «Патриот» Telegram-арнасы ақпарат таратты. Оқиға ойын басталар сәтте тіркелген. Әуесқой командалар салтанатты сапқа тұрып, бір-бірімен сәлемдесу үшін мұз айдынына шыққан кезде хоккейшілердің бірінің жағдайы күрт нашарлаған. Куәгерлердің айтуынша, спортшы аяқ астынан есінен танып, мұз үстіне құлап түскен.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан ойыншының мұз айдынына шыққаннан кейін бірнеше сәттен соң құлағанын көруге болады.

Оқиға орнында болғандар дереу алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқан. Алайда шақырылған жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін ер адам қайтыс болған.

Қарағанды облысының полициясы 45 жастағы ер адамның зорлық-зомбылық белгілерінсіз қайтыс болғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, марқұмның денесінде сыртқы күш қолдану іздері анықталмаған.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысы өлімнің себебі атеросклеротикалық жүрек ауруы болғанын көрсеткен.

«Сот-медициналық зерттеудің алдын ала мәліметтері бойынша, өлімнің себебі атеросклеротикалық жүрек ауруы болды», – делінген полиция хабарламасында.

Өткен жылғы 16 қазанда «Хан-Тәңірі» футбол клубының 19 жастағы ойыншысы Диас Төлеу матч кезінде өзін жайсыз сезініп, ойын алаңында көз жұмған.

Сандуғаш Жаилганова

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Хоккейші қыздар ерлігі

Ыстамбұл қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионатының IIA дивизионы аяқталды. Аталмыш сайыста Қазақстан