/

Нора Азия чемпионатының жүлдегері атанды

56 рет қаралды

Фото: t.me/DRSQazaqstan/2474

Жеңіл атлетикадан Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі XII Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әйелдер арасында 1500 метрге жүгіру сайысында ел намысын қорғаған Нора Джеруто мәреге 4 минут 20,04 секунд нәтижемен жетіп, қола жүлде иеленді. Аталған қашықтықта жапониялық Танака Нозоми алтын медаль алса, қытайлық Ли Чун күміс жүлдеге қол жеткізді.

Финалдық бәсекеде өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық спортшы Дария Миллер алтыншы орынмен шектелді.

Айта кетейік, жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты ақпанның 8-і күні мәресіне жетеді.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар