///

Алматы ТЭЦ-тері қашан газға көшеді?

72 рет қаралды
фото: https://www.ales.kz/almatinskaya-tecz-2-gazifikacziya/

Алматыда ТЭЦ-2 және ТЭЦ-3 жылу электр орталықтарын газға көшіру жұмыстары бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Бұл жобалар қала экологиясын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты Энергетика министрлігі мен «Алматы электр станциялары» (АлЭС) компаниясының мамандары атқарылып жатқан жұмыстардың қазіргі жай-күйі туралы мәлімет берді.

ТЭЦ-2: жұмыс кестеге сай жүріп жатыр

«АлЭС» АҚ-ның даму және құрылыс жөніндегі басқарушы директоры Ержан Бурамбаевтың айтуынша, ТЭЦ-2 нысанын газға көшіру жұмысы 2024 жылы басталған. Қазіргі уақытта жобаның 64%-ы дайын.

Қазіргі таңда атқарылған жұмыстар:

  • Іргетас құю және нығайту жұмысы аяқталды;
  • Су жылыту қазандықтары орнатылып, гидравликалық сынақтар жүргізілді;
  • Қажетті құрал-жабдық пен материардың 99%-ы жеткізілді.

Құрылыс алаңында 1 500-ге жуық адам еңбек етіп жатыр. Мамандардың айтуынша, жұмыс бекітілген кестеге сай жүргізілуде. ТЭЦ-2 толықтай газға ауысып, 2026 жылғы желтоқсандапайдалануға беріледі деп жоспарланған. Айта кетейік, мемлекеттік сараптама қорытындысы бойынша жоба құны 388 миллиард теңге.

ТЭЦ-3: Қарқын күшейтілді

Бұған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ТЭЦ-3 нысанындағы жұмыстардың баяу жүріп жатқанын сынға алған болатын. Осыдан кейін мердігер ұйымдар жұмыс кестесін қайта қарап, қосымша жұмыс күші мен техниканы тартты.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңындағы жұмыстар екі ауысымда жүргізіліп жатыр, жобаның қарқынын арттыруға мүмкіндік берген.

ТЭЦ-3-тегі жағдай

Қазіргі таңда ТЭЦ-3 нысанында негізгі жабдықтарды орнату жұмыстары жалғасып жатыр.

– Бірінші турбина мен генератор жиынтығы іргетасқа орнатылды;
– Екінші жиынтық станция қоймасына жеткізілді.

Министрліктің мәліметінше, ТЭЦ-3 те 2026 жылдың соңына дейін толықтай газға көшірілуге тиіс.

Алдағы жоспар

Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес:

  1. 2025 жылы – ТЭЦ-2 нысанын газға кезең-кезеңімен көшіру басталады;
  2. 2026 жылы – екі станция да толықтай газбен жұмыс істей бастайды.

Мамандардың айтуынша, осы жобалардың жүзеге асырылуы Алматыдағы ауа сапасын жақсартуға және қаланы энергиямен тұрақты әрі сапалы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Назерке АҚБЕРДІ

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Айзат Рақыш: Марқакөл монологы  (әңгіме)           

                                                                     Туған өлкем – Марқакөліме арнаймын.                                                                                                          Автор Жазғы мөлдір аспан маған телміріп, мен көкке емініп,