//

Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталды

55 рет қаралды

Фото: istockphoto.com

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздің барлық жоғары оқу орнында қабылдау комиссияларының жұмысы басталғанын хабарлайды.

ҰБТ тапсырып, ақылы негізде оқуға түсуді жоспарлаған талапкерлер бүгіннен бастап өздері таңдаған ЖОО-ға құжаттарын тапсыра алады. Ал мемлекеттік білім беру грантын алуға үміткерлер үшін конкурсқа өтініштер қабылдау 13-20 шілде аралығында жүргізіледі. Грант конкурсына өтініштерді талапкер таңдаған оқу орнына қарамастан, кез келген ЖОО-ның қабылдау комиссиясы арқылы, сондай-ақ виртуалды қабылдау комиссиялары мен eGov электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тапсыруға болады. Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Ал ЖОО-ларға құжат қабылдаудың соңғы мерзімі 25 тамызға дейін жалғасады.

Биыл жоғары оқу орындарына түсу үшін минималды шекті балдар өзгеріссіз қалды. Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, басқа ЖОО-ларға 50 балл жинау қажет. Ал «Педагогикалық ғылымдар» мен «Құқық» бағыттарына 75 балл, «Денсаулық сақтау» саласына 70 балл бекітілді. Бұл ретте «Қазақстан тарихы» мен екі бейіндік пәннен кемінде 5 балл, ал «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» пәндерінен кемінде 3 балл жинау міндетті. Сонымен қатар әр ЖОО білім беру бағдарламаларының топтары бойынша өздерінің жеке шекті балдарын белгілей алады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады

Фото: gov.kz Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Министр Нұржан Нұржігітов Парламент Сенатының отырысында инфрақұрылымдық