Нью-Делидегі триумф: Семсерлесушілеріміз Азия чемпионатының алтынын алды

63 рет қаралды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы сапы (шпага) сайысынан бас жүлдені жұлып алып, Азия чемпионы атанды.

Алтын медаль үшін өткен шешуші кездесуде Ерлік Сертай, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходовтан құралған біздің төрттік әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Жапония командасын 45:40 есебімен тізе бүктірді. Бұл екі елдің финалдағы төртінші рет қатарынан кездесуі болатын және биыл біздің жігіттер қарсыластарынан лайықты түрде қарымта қайтарды.

Отандастарымыз чемпиондық жолда ерекше қайсарлық танытты. Олар алдымен Иранды 45:27 есебімен қиратса, ширек финалда Өзбекстаннан 45:37 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда Азияның ең мықты командаларының бірі Оңтүстік Кореяны 45:33 есебімен сенімді түрде жеңіп, финалға жолдама алған еді. Дүниежүзілік рейтингте 6-шы орында тұрғанына қарамастан, қазақстандық семсерлесушілер жоғары шеберлік көрсетіп, ел спортының тарихына алтын әріппен жазылатын тамаша табысқа қол жеткізді.

Түгелбай Бисен,

minber.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар