/////

Қызылордада 10 театр бақ сынайды: фестиваль Бағыбек Құндақбаевтың 100 жылдығына арналады

78 рет қаралды

Фото: kaztheatre.kz

19–24 қазан аралығында Қызылордада қазақ драма театрларының XXXI республикалық фестивалі өтеді. Ол көрнекті театртанушы,  театр сыншысы, профессор Бағыбек Құндақбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған, – деп хабарлайды Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры.

Фестивальді Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры ұйымдастырып отыр. Шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қызылорда облысының әкімдігі қолдау көрсетеді. Қойылымдар Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының сахнасында көрсетіледі.

Сараптама кеңесі іріктеген 10 театр көрерменге өз туындысын ұсынады. Олардың қатарында Қостанай облыстық қазақ драма театрының «Міржақып», Б.Римова атындағы академиялық драма театрының Ш.Айтматов шығармасы бойынша «Жәмила», Ұлытау облыстық театрының Шекспирдің «Макбет» қойылымдары бар. Сонымен қатар Атырау жастар театры М.Әуезовтің «Қаралы сұлуын», Астанадағы «Жастар театры» «Қарагөзді», Түркістан музыкалық драма театры К.Аманжолдың «Пейішін» ұсынады. Тізімде Ф.Достоевский атындағы орыс драма театрының «Қылмыс пен жаза» қойылымы да бар.

Байқау қорытындысын театртанушылар мен сыншылардан құралған қазылар алқасы шығарады. Оның құрамында Мұқан Аманкелді, Нұрпейіс Бақыт, Зухра Исламбаева, Алтынгүл Нұрбекова және басқалар бар.

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Апта дайджесті: 08.10–15.10.2026

Аптаның ең көп оқылған материалдары — бір жерде. Оқымай қалғандарыңыз болса, назар аударыңыз! Көзқарас: Санжар Керімбай