///

Жанармайға салынатын «қалқымалы» акциз 2027 жылдан бастап азаюы мүмкін

72 рет қаралды
фото: Яндекс

Ұлттық экономика министрлігі бензин мен дизель отынына салынатын қосымша акциздің үлесін 95%-дан 50%-ға төмендетуді ұсынды. Тиісті үкімет қаулысының жобасы 20 қазанда «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Қалқымалы акциз мұнай өнімдерінің көтерме бағасы белгіленген шектен асқанда қолданылады. Бұл шек бензин үшін тоннасына 214 584 теңге, дизель үшін тоннасына 284 350 теңге. Акциз үлесі үкіметтің 11 қыркүйектегі №816 қаулысымен 50%-дан 95%-ға көтерілген еді. Бұл өзгеріс 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданылды. Енді министрлік бұрынғы тәртіпке қайтуды ұсынып отыр. Жобаның мақсаты – мұнай өндіруші компаниялардың экономикалық көрсеткіштерін жақсарту және саланы жаңғыртуға инвестиция салу мүмкіндігін кеңейту.

Қазан айында акциз мөлшерлемесі бензиннің бір тоннасына 70 033 теңге, дизельдің бір тоннасына 67 914 теңге болды. Ал қыркүйекте бұл көрсеткіш тиісінше 63 651 және 60 943 теңге еді. Нарық өкілдері қазіргі формула көтерме бағаны өсіріп отыр деп сынаған.

Құжат қабылданса, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Жоба 5 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Дереккөз: The Tenge, Uchet.kz, The Moscow Times (Reuters мәліметі бойынша)

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар